Қоғам 31.10.2017 сағат 10:32  789

Алматыда ақылы тұрақ жүйесі нәтижесін бере бастады

Алматы қаласында бірыңғай көлік тұрағы жүйесі енгізілгеніне бір жылдан аса уақыт өтті. Бүгінде бұл жүйе өзін ақтап, бекер енгізілмегенін көрсетіп отыр. Аталған тұрақтарға таңертеңгі сағат 08:00-ден кешкі 19:00-ге дейін көлігіңізді ақылы қоясыз. Қалған уақытта тегін.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сондай-ақ, әр 15 минут сайын «Алматы спецтехпаркинг сервисінің» инспекторлары тұрақтағы көліктерді келіп қадағалап тұрады. Ақылы тұраққа қойылған көліктер суретке түсіріледі. «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС терминалдарының ақпараттары қаланың ішкі істер органдарына бірден беріледі.

– Төлемді «Алматы көлік тұрақтары» мобильді қосымшасы арқылы жасауға да болады. Ақылы көлік тұрағының бір сағаты 100 теңге, ал оның алғашқы 15 минуті тегін. Бұл жүйеге алматылықтар әбден үйреніп қалды. Былайша айтқанда, осы ақылы тұрақ жүйесі енгілізгелі қаламыз ретке келе бастады деп сеніммен айта аламыз. Кім көрінген кез келген жерге көліктерін қойып кете беретін кезде, көлік кептелісі деген сұмдық болатын. Қазір көшелерде тәртіп бар, - дейді Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы Азамат Есжанқұл.

Бірыңғай көлік тұрағы жүйесінің, оның ішінде ақылы тұрақтың мақсаты - қаладағы заңсыз тұрақ үшін ақша алуды тоқтату. Алғашқыда алматылықтар жатырқай қабылдағанымен, қазіргі уақытта тұрақтарға қойылатын көліктер саны артып келеді. Қала тұрғындарына жеңіл болуы үшін абоненттік төлем енгізілген. Бұл тәжірибе әлемдік тәжірибеге сүйене отырып жүзеге асуда.

– Ақылы тұрақтардың құны 100 теңге болғанымен, айлық абонеттік төлемдер де бар. Мұндай абонеттік төлемнің құны 6000 теңге. Ол үшін көлік жүргізушілері біздің басқармаға келіп, өтініш жазып, абонеттік карта үшін құжатын толтыруы керек. Абонеттік төлем картасы да күнделікті жұмыс уақытына жарамды. Бірақ, мен абоенттік төлем алғанмын деп, бір орынды меншіктеп алу жоқ. Қай көліктің иесі бірінші келіп қай жерге қойса, көлігі сол орында қалады. Яғни, тұраққа келген уақытыңызға байланысты көлігіңізді бұйырған орынға қоясыз, - дейді Азамат Есжанқұл.

Айта кетейік, автокөлік жүргізушілері үшін SMS-хабарлама, aparking.kz сайты, «Алматы тұрақтары» мобильдік қосымша және тұрақ аймағында орнатылған паркоматтар арқылы автоматты төлем тәсілдері қолжетімді.

Ал, ақылы автотұрақты пайдалану ережесін бұзғандар ҚР ӘҚБК 597 бабының 4-1 бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады, яғни оларға үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде (6 363 теңге) айыппұл салынады. Егер бір жыл ішінде тағы да төлемесе, онда айыппұл көлемі 5 АЕК немесе 10 605 теңгені құрайды.

Ақбота Мұсабекқызы

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар