Қоғам   01.11.2017   сағат   03:07     423

Алматыда ХҚКО-дан азаматтардың жеке деректерін банк қызметкерлері сұратқаны анықталды

Азаматтардың сыртынан мүлігі жайлы мәлімет алып жүрген компания өкілі құпия құжаттарды банкте істейтін танысының өтінішінмен алғанын мойындады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Алматыда ХҚКО-дан азаматтардың жеке деректерін банк қызметкерлері сұратқаны анықталды

Яғни, банк сенімхат алдырып басты ауыртпаған. Өзіне қажетті мәліметті «Капитал глобал» компаниясында істейтін танысы арқылы алдырған. Өз кезегінде, халыққа қызмет көрсету орталығы да олардың бетін қайтармаған. Анна Димитриевичтің мүлігі жайлы мәліметті заңсыз алған компания өкілі тергеу аяқталғанша қызметінен аластатылды. Десе де, Ғалихан Мұхамеджанов жеке құжаттардың не үшін қажет болғандығы жайлы жақ ашпай отыр. Ал банктермен етене қызмет істейтін компания басшысы бар кінәні инспекторға жапқан. Айтуынша, халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкері құжатты беруге өзі келіскен.

Естеріңізге салсақ, Алматы тұрғыны Анна Димитриевич сыртынан бәз біреулердің мүлігі мен мекен-жайы туралы анықтама алғанын айтып, байбалам салған еді. Бұл іс бойынша екі бірдей қылмыстық іс қозғалып, Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері мен басшысы жұмыстан қуылған болатын. 

Асқар Омарбеков, «Капитал глобал» ЖШС Бас директоры:

Ғалихан Мұхамеджанов Анна Димитриевичтің мүлігі жайлы анықтаманы банкте істейтін танысына алып берген. Досы өтініп қоймаған соң осындай әрекетке бардым деп отыр. Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы болса, азаматшаның құжатын еш кедергісіз бере салған. Сондықтан, бұл жерде электрондық үкімет мекемесі қызметкерінің кінәсі көбірек деп есептеймін.

Соңғы жаңалықтар