Қоғам 01.11.2017 сағат 10:38  1752

Шымкентте қаланың әкімі тағайындалды деп жалған ақпарат таратқандарға іздеу жарияланды

Шымкенттіктер бір тәуліктен бері әкімсіз отыр. Ал, бүгін әлеуметтік желілер мен кейбір жергілікті ақпараттық порталдар қалаға әкім болып Ермек Үсенбаев тағайындалды деген ақпарат таратқан болатын. ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер бұл жаңалықтың жалған екенін мәлімдеп отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Әлеуметтік желілер мен ақпараттық порталдарда Шымкентке жаңа әкім тағайындалды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Ресми ақпаратты Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратады", - дейді облыс әкімдігінің өкілдері.

Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, қазіргі таңда жалған ақпаратты таратқандарға іздеу жарияланған. Олар заң аясында тиісті жауапкершілікке тартылуы да мүмкін.

Еске салайық, кеше Шымкент қаласын басқарып келген Ғабидолла Әбдірахымов "Нұр Отан" партиясына хатшы болып тағайындалған еді. Сол уақыттан бері қала тұрғындары әкімсіз отыр.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар