Қоғам 02.11.2017 сағат 10:54  510

Қазақ Ұлттық Университетінде латын әліпбиінің болашағына қатысты жиын өтті

27 қазан – Тәуелсіз Қазақстан тарихында ең маңызды оқиғалардың бірі орын алған күн ретінде жазылып қалатыны белгілі. Бұл күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінің латын графикасына көшуі туралы жарлыққа қол қойды. Енді 2025 жылға дейін ана тіліміз кезең-кезеңмен латын әліпбиіне көшеді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл тарихи оқиғаны бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде талқылап жатыр. Ұлт зиялыларынан бастап студент жастарға дейін реформаның маңыздылығы, жаңа әліпбидің соңғы нұсқасы туралы өз пікірлерін айтуда. Осындай жиындардың бірі Алматыдағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Қазақ тілін латын графикасына көшіру реформасы – рухани жаңғыру бастауы» деген тақырыппен өтті.

Дөңгелек үстелге Алматы қалалық әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Садықов, «Қазақпарат» халықаралық агенттігінің бас директоры Асқар Омаров, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Талғат Қалиев және филология және әлем тілдері факультетінің оқытушы-профессорлары, студенттер мен магистранттар қатысты.

Шара барысында латын әліпбиіне көшу маңыздылығы мен жаңа жүйедегі емле-ережелер сараланды. Сондай-ақ, дөңгелек үстелде қазақ тілінің жаңа әліпбиіне қатысты өзге де өзекті мәселелер талқыланды.

«Президенттің бұл қадамы – саяси ғана емес, тарихи шешім. Еліміздің тарихындағы ең маңызды шешім – ол тәуелсіздігімізді жариялау болса, екіншісі осы "Рухани жаңғыру" және латын әліпбиіне көшуіміз. Бұл ретте кертартпалыққа салыну үлкен қателік болып есептеледі, артқа шегінетін жеріміз қалмады, енді күтудің, кейінге қалдырудың реті жоқ. Алдымызда 7 жыл уақытымыз бар, оның екі жылы бейімделуге, яғни үйренуімізге кетеді», – деді «Қазақпарат» халықаралық агенттігінің бас директоры Асқар Омаров жиын барысында.

Оның айтуынша, жаңа әліпбиде жазу алғашқы уақытта қиындық туғызғанымен, оны қазақстандықтар тез үйреніп алады.

«2008 жылы Түркияға барып, алғаш рет түрікше жаздым. Өте қиын болды. Өйткені, олардың әріптерінің үстінде нүктелері көп қой. Сосын жаза бергеннен кейін қолым тез үйреніп кетті. Түк қиын емес екен. Одан кейінгі жылдары Әзірбайжанға жол түсті. Олардың әліпбилерінде де оңай жаза білдім. Сондықтан, әлі бастамай жатып қиналамыз деу қателік, барлығы дұрыс болады», – деді ол.

Асқар Омаров «Қазақпарат» порталында күніне бір мақаланы жаңа латын әліпбиінде жариялап отыруға да уәде берді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар