Қоғам 03.11.2017 сағат 03:21  566

Өскеменде сот үкімін естіген парақор шенеунік талып қалды

Өскеменде мемлекеттік кірістер департементі бастығының бұрынғы орынбасары Виктор Май 10 жылға абақтыға кететінін естігінде, сот залында талып қалды. Бұл туралыы КТК телеарнасы хабарлап отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Өңірдегі бас салықшының орынбасары Виктор Май ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айыппен 2015 жылы ұсталған болатын. Ол кезде аталмыш азамат қоластындағы қызметкерлерімен бірге жалған кәсіпорындар ашып, шамамен 250 миллион теңгені қалталарына басқан деген айып тағылған еді. Осы қылмыстары үшін арқалайтын жазаны естігенде Май сот алдында сұлап түсті. Оны қараған дәрігерлер  инсульт болуы мүмкін деп жансақтау бөліміне алып кеткен. Қазір экс-шенеуліктің беті бері қараған. Мұнымен қатар жеті сыбайласы да жазаларын алды. Олар 5-тен 7 жылға дейін сотталып, мүліктері де тәркіленбек. Сондай-ақ барылығы бюджетке бір жарым миллиард теңге өтеулері. Шешіммен келсіпеген олар апелляциялық шағым түсіруге дайындалуда. 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар