Қоғам 03.11.2017 сағат 04:12  786

Қостанай облысында 18 өзбек азаматы құлдықтан босатылды

Қостанай облысы ұйымдасқан қылмысқа қарс басқарманың қызметкерлері адам саудасымен айналысты деген күдікпен 36 жастағы Қарағанды тұрғынын ұстады. Олардың мәліметі бойынша, ер адам 18 Өзбекстан азаматын сәуір айынан бері құлдықта ұстап келген деп жазады centralasian.org.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Оперативті-іздестіру шарасы барысында жекеменшік мекемеде 18 Өзбекстан азаматы бар екені анықталды. Полицияның анықтауынша, шетел азаматтары сәуір айынан бері жеке кәсіпкердің үйінде заңсыз жұмыс істеген. Ер адам оларды алдап, диірмен тартқышта жұмыс істеткен. Еңбектері үшін ақша төлемеген. Құжаттарын тартып алған», – деп хабарлайды Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.

Бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге адам саудасына байланысты қылмыстық іс қозғалған. Ал Өзбекстан азаматтары жауапқа тартылмайды. Себебі олар адам саудасының құрбаны болған.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қазіргі уақытта өзбек азаматтары қоғамдық ұйым мен полицияның қорғауында.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар