Қоғам 03.11.2017 сағат 09:20  1677

ОҚО-да араққа тойып, екі адамды пышақтаған полицейдің өзі мен басшылары түгел жұмыстан қуылды

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында Ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары араққа тойып, екі адамға пышақ жарақатын салғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Олжас Амандықовтың үстінен бүгін үш бірдей бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал, аудандық ішкі істер басқармасының басшылары түгел қызметтерінен босатылды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Аталған жайтты Instagram әлеуметтік желісі арқылы жәбірленуші Елнұр Ибрагимовтың өзі хабарлаған болатын. Шенді полицей түнгі уақытта оның үйіне мас болып келіп, өзін және туған әпкесін пышақтапты. Бұл жайтты жәбірленуші видеокамераға түсіріп алған. Ал, оқиға орнына келген полиция жасағы заң бұзған басшысын ұстап әкетудің орнына оны айналшақтап жүрген дейді Елнұр Ибрагимов.

Ертесіне ішкі істер бөліміне барып арыз түсірген жәбірленушінің арызын да полицейлер қабылдамай қойған көрінеді. Тіпті, болған жайтты ешкімге айтпауын талап еткен. Тек аталған видеоролик интернетке жарияланғаннан кейін ғана бұл мәлімет облыстық Ішкі істер департаментіне жетіп, ондағылар дереу шара қолданып отыр.

«Аталған жайт негізінде Қылмыстық кодекстің үш бірдей бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды: 149 - «Тұрғынжайға қолсұғумаушылықты бұзу», 362 - «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіліктерді аса пайдалану», 293 - «Бұзақылық». Бірнеше сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген ОҚО ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, Олжам Амандықовтың басшылары да жазасыз қалмады. Облыстық Ішкі істер департаменті Созақ АІІБ басшысын, оның тергеу ісі бойынша және қызмет бойынша орынбасарларын атқарып отырған лауазымынан босатты. ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі Созақ АІІБ ЖПҚ бастығын лауазымынан босату туралы ұсыныс Созақ ауданының әкімшілігіне жіберілді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар