Қоғам 05.11.2017 сағат 15:56  1089

Каспиде 1 тоннадан астам бекіре балығын заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды (ВИДЕО)

Каспий теңізінің Атырау облысна қарайтын бөлігінде 1 тоннадан астам бекіре балығын аулаған 4 браконьер қолға түсті. Оларды Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің облыстық инспекциясы мамандары ұстаған. Бұл туралы аталған комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің Facebook парақшасында жазды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Инспекция қызметкерлері Каспидің солтүстік бөлігіне тексеру жүргізу барысында Исатай ауданы Жанбай ауылына жақын маңда қос моторлы қайықты байқаған. Оларды ұстағаннан кейін қайық ішінен 1 тоннадан астам бекіре балығы табылыпты.

"4 адам ұсталды. Төртеуі де Жанбай ауылының тұрғындары. Барлығы 1 тонна 89 келі бекіре тұқымды балық аулапты. Келтірілген шығын көлемі 247 миллион теңге. Қазіргі таңда ұсталғандар қамауға алынып, үстерінен қылмыстық іс қозғалды", - дейді С.Ділдахмет.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар