Қоғам 20.10.2017 сағат 09:10  723

«Мәңгілік елді мәңгілік ететін – жастар»

Мәңгілік елді мәңгі ететін негізгі күш – жастар! Дәл осындай ұранмен Таразда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыруда қоғамдық сананың жаңаруының әдістемелік және әлеуметтік-саяси аспектілері»  тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараны Жамбыл облысы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясының филиалы мен облыстық Ішкі саясат басқармасы және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті бірлесіп ұйымдастырған.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Конференцияда бірқатар маңызды құжаттар талқыланды. Соның бірі Елбасының «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясы. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елімізді нығайту басты мұрат. Өйткені, тәуелсіздік ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған мақсат-мүддесі, асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, жер картасынан ойып тұрып орын алатын өркениетті мемлекет атану.

 «Елу жылда ел жаңа демекші, қазіргі технологияның дамуы Қазақстанға да әсер етіп, соңғы 10-20 жылда еліміз айтарлықтай жаңарды. Ал, енді 30 жылда біз – осы жерде отырған жастар, мүлдем басқа өмірді сүреміз. Сол өзгеріске дайын болуымыз керек. Ол үшін әрине, рухани тұрғыда жаңғыруымыз керек. Ал, қалай жаңғыру керектігімізді Елбасымыз өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айшықтап көрсетіп берді. Енді Мемлекет басшысының сол бағдарламалық мақалада айтып өткен тапсырмаларын қоғам болып бірлесе атқаруымыз керек, сіздердің иықтарыңызға артылып отырған жүк осы», - деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов аталған жиын барысында.

Жиында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 4 институционалды реформасы, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жүзеге асырылуы туралы айтылды. Бұл міндеттерді орындау үшін халқымыз жұдырықтай жұмылып, бірігіп тірлік жасау керек. Сонда ғана  еліміз келешекте экономикасы қуатты ,өркениеті дамыған мемлекет болады деді- конференцияға қатысушылар.

 «Жалпы, ұлттық идеяны дұрыс түсіндіруіміз керек. Ал жастар оны дұрыс қабылдауы керек. Қазіргі жаһандану процестерінде Қазақстанның ерекше орын бар екенін айтып жүрміз ғой. Мына жастар сол ерекшеліктің не екенін біліп, түсінулеріңіз керек. Біздің мемлекеттің ең басты құндылығы – ұлттардың татулығы, халқымыздың дархандығы мен даналығы. Соны ұмытпаңыздар!», - дейді , М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Парида Мамедова.

Мәңгілік елді мәңгілік ететін – жастар. Сондықтан жастардың бойында отансүйгіштік пен саналы білім, бірлік пен тиянақты тірлік болуы қажет. Аға буын өкілдері жиынды қорытындылай келе жастарға зор сенім артып, «Мәңгілік елдің» атына  лайықты  ұрпақ болып өсіп қалыптасуға шақырды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар