Қоғам 18.10.2017 сағат 05:32  400

Таразда дәстүрлі «Тіл – парасат» байқауы өтті

Мемлекеттік тіл мәселесі тәуелсіздік алған жылдары қаншалықты өзекті болса, дәл қазір де сол өзектілігінен айрылған емес. Өйткені, елімізде 100-ден аса диаспора өкілдері өмір сүреді. Оған қазақтардың біразы әліге дейін өз ана-тілін білмейтінін қосып қойыңыз. Сондықтан, ана тілімізді дамыту, қолдану аясын кеңейту әліге дейін маңызды болып отыр. Тіпті, ҚР Үкіметі мемлекеттік тілді дамытудың арнайы бағдарламасын да бекітіп, жүзеге асырып жатыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сол мемлекеттік бағдарлама аясында жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі іс-шаралар өтеді. Солардың бірі – Жамбыл облысындағы «Тіл – парасат» дәстүрлі байқауы. Аталған шара жыл сайын түрлі этнос өкілдерінің арасында өтіп, қазақ тілін дамытуға үлкен үлес қосып келеді. Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен өткізілген конкурсқа бұл жолы әр ауданнан және Тараз қаласынан 7 үміткер қатысты.

Қатысушыларға қойылатын талап жылдағыдан өзгеше. Мәселен, бұған дейін бұл байқау тек орыс тілді жастар арасында ғана өткізілетін болса, биыл барлық ұлт өкілдерінен 17-22 жас аралығындағы қатысушылар бақтарын сынауға мүмкіндік алды.

Сайыстың алғашқы шарты бойынша қатысушылар «Менің туған өлкем» тақырыбында ауызша таныстырылым жасады. Өз туған өңірінің ерекшеліктерін, жетістіктері мен табиғаты, қазба байлығы, сондай-ақ, танымал тұлғалары жайында қысқаша мағлұматтар келтірсе, екінші номинацияда «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың іргетасы» тақырыбында эссе жазды. Ал, үшінші кезеңде өзге ұлт өкілдерінің жастары «Шабыт жұлдызы» шығармашылық тапсырмасын орындады. Яғни, қазақтың халық әнін, немесе заманауи әнді қазақ тілінде орындау, немесе театрландырылған интерпретациядағы көркем шығармадан үзінді көрсетті. 

Қатысушылардың қазақ тіліндегі сөйлеу шеберлігі мен өнеріне жоғары оқу орындарының филология мамандары қазылық жасады. Байқау жеңімпаздарына тілдерді дамыту басқармасының «Алғыс хаттарымен» қатар,  бағалы сыйлықтар табысталды. Үздік деп танылған жеңімпаз сәйкесінше, республикалық «Тіл - парасат» конкурсында облыстың намысын қорғайтын болады.

Мөлдір Ахметова, Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы:

- «Тіл - парасат» байқауының басты мақсаты – өңірдегі мемлекеттік тілді жетік меңгерген жастарға қолдау көрсету, олардың тілді меңгеруге деген ынта-ықыласын насихаттай отырып, өзге ұлттар мен өзгелердің де қызығушылығын ояту болып отыр.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар