Қоғам 16.10.2017 сағат 14:40  658

«Рухани жаңғыру» – ұлттық кодты сақтау

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Aлға жылжу үшін біз ұлттың дамуына мүмкіндік бермейтін өткеннің элементтерін тастауымыз керек. Бүгінде мұндай кедергілердің бірі – жемқорлық мәселесі» деген болатын. Осыған байланысты Таразда қалалық білім беру ұйымдарының басшылары мен «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы өкілдері мобильді топтардың қатысуымен семинар өткізді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бүгінгі таңда Қазақстан сыбайлас жемқорлық жасайтын елдер тізімінде 131-ші орында. Бұл ресми ақпарат мобильді топ мүшелерімен кездесу барысында айтылды. 2017 жылдың тамыз айының соңында облыс әкімінің тікелей бұйрығы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты жандандыру туралы шешім қабылданды. Өз баяндамаларында мобильді топ жетекшілері әлеуметтік мәселеге қарсы әрекет ету үшін ел болып бірлесе жұмыс жасау арқылы ғана шешуге болатынын  айтты.

«Барлық аудандарда, аудан орталықтарында мектеп директорларын, балабақша және басқа да оқу орындарының басшыларын жинап, арнайы семинар өткіздік. Мақсат – сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі «Жаңару» аймақтық қоғамдық ұйымының басшысы Қасымхан Төлендиев.

Семинарда, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарына ерекше назар аударылды. Мәселен, биыл жарияланған мәліметке сәйкес, осы салада 2017 жылы 4 сыбайлас жемқорлық жасау фактісі тіркелген екен. Ағымдағы жылдың тоғыз айында білім басқармасына ата-аналардан 134 өтініш келіп түскен. Сондай-ақ, семинарда мұғалімдер осындай мәселелер туралы ашық айтуы керектігі айтылды. Себебі оларға ел болашағы – жас ұрпаққа лайықты тәрбие беру тапсырылған.

«Бұл іс-шаралар болашақта жемқорлықты болдырмас үшін, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру үшін жасалып жатқан бастамалар. Қарап тұрсаңыз, жемқорлықты жасап жатқан да өзіміз. Яғни, санамызды өзгертпейінше, бұл дерттен құтылуымыз екі талай деп ойлаймын», - дейді Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова.

Сонымен қатар, семинарға қатысушылары, қазіргі кезде білім беру мекемелерінің мұғалімдерін оқытатын студенттердің бағалары бақылауға алынатындығын сөз етті. Сондай-ақ, тек сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу жөнінде санамызды жаңғырту арқылы, ұлттық кодты сақтауға болатындығын айтты.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар