Қоғам 06.11.2017 сағат 10:10  471

Астанадағы жаңа вокзалға көпшілікке арналған пианино орнатылды

«Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бастамасымен Астана тұрғындары мен қонақтары үшін «Барлығына арналған пианино» атты қызықты жоба ұсынылды. Бұл туралы қала әкімдігінің медиа орталығы хабарлап отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Музыкалық аспап жаңа «Нұрлы жол» теміржол вокзалының аумағына қойылған. Енді қала тұрғындары мен қонақтары өздерінің сүйікті музыкалық шығармаларын осында келіп тегін орындай алады. Онда өзін танымал маэстро сезініп, көпшіліктің алдында замануи және классикалық композицияларды орындауға мүмкіндік жасалып отыр.

«Мұның алдын «Astana» ӘКК бастамасы бойынша «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының жерасты өткеліне пианино қойылған болатын. Жоба үлкен табысқа жетті», - деп жазылған компанияның баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар