Қоғам 13.10.2017 сағат 14:52  433

Тараздағы №1 мектеп-гимназияға Ә.Бөкейханның есімі берілді

Тараз қаласындағы №1 мектеп гимназиясына қазақ ұлтының көш бастаған көсемi, сөз бастаған шешенi, қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның есімі беріліп, тарихи тұлғаны еске алу кеші болып өтті.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Терең білімімен ұлт тарихына құрмет көрсетіп, халқының азаттығы мен құқығы үшін күрескен Әлихан Бөкейханның есімі мәңгілік ел есінде. Ұлттың басын біріктіріп, ерiктi ел болуға көксеп, сол мақсатқа жету жолына өз бойындағы бар қасиетiн, жiгер-қайратын аямаған жан. Бүгінгі салтанатты іс-шара ұлт көсемінің барельефіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

- «Алаш» қозғалысының жетекшісі, ұлт көсемінің 150 жылдығы «ЮНЕСКО» көлемінде аталып өткендігі белгілі. Бүгін, міне қаламыздағы озық білім ордасына оның есімі беріліп отыр, - деді салтанатты шара барысында Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет.

Одан соң кеш қонақтары қоғам қайраткерінің шығармалары мен еңбектеріне арналған тарихи экскурсияға қатысты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында тарихи фактілерді көпшілікке тарату және өз елінің тарихын жас ұрпақтың бойына қалыптастырып, сіңіру керек делінген. Осыған орай ұлт көсемінің есімі  білім ордасына берілді. Еске алу кешінде еліміздің тәуелсіздік алуына өлшеусіз үлес қосқан қозғалыс көшбасшысының ерен еңбектері сөз болды.

- Елбасының мақаласы аясында ұлттық кодты сақтап, жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеп келе жатырмыз. Үлкен азаматтың, қоғам қайраткерінің есімі бірлген мына мектептің оқушылары енд тек жақсы жетістіктерге жетеді деген ойдамыз, - деді жиын барысында «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы  жалпыұлттық қозғалыс»  республикалық қоғамдық  бірлестігі Жамбыл облыстық  филиалының басшысы Қасымхан Төлендиев.

Салтанатты іс-шара «Алаш туы желбіре» концертімен жалғасты. «Алаш» қозғалысы жайында қойылым қойылып, патриоттық әндер шырқалды.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Ол 1866 жылы 5 наурызда Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала өлкесінде дүниеге келген. 1937 жылдың 27 қыркүйегінде Мәскеуде дүниеден өтті.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар