Қоғам 10.10.2017 сағат 12:19  379

«Рухани жаңғыру» аясында құрылған ақпараттық топ Жамбыл облысының аудандарын аралады

Әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену үшін біздің елге және біздің қоғамға экономикалық қуатты, саяси сауатты болу ғана жеткіліксіз. Бізге бұл мақсатты бағындыру үшін рухани жаңғырып, қазақи ұлттық болмысымызды сақтауымыз тиіс. Мемлекет басшысының биыл сәуір айында жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты бағдарламалық мақаласы  осыны көздейді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Аталған мақаладағы басым бағыттарды халыққа түсіндіру мақсатында еліміздің әр өңірінде ақпараттық топтардың құрылғаны белгілі. Жамбыл облысында құрылған осындай топ бүгін Сарысу мен Талас аудандарында болып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.

Кездесуге Жамбыл облысы ІІД басшылары, ардагерлер сондай-ақ, ауыл тұрғындары қатысты. Олар ең алдымен Сарысу аудандық мемориалына гүл шоқтарын қойды. Одан соң аудандық мәдениет үйінің ғимараты  залында  жалпы білім беру мекемелерінің  оқушылары мен студенттер ұйымдастырған көрмені тамашалады. Кездесу барысында ақпараттық топ мүшелері Елбасы мақаласының идеологиялық маңыздылығын насихаттап, тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жүйелі әрі дәйекті дамуының басым бағыттарын туралы сөз қозғады.

«Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап, рухани жаңғыруды мықтап қолға алды. Өзінің ұлттық болмысын сақтап, болашаққа нық қадам басты. Біздің қазіргі міндетіміз осы жолды одан әрі жалғастыру және дамыту. Қоғамның санасын өзгертуге бағытталған шараларды қолға алу. Сондай-ақ, ең алдымен халықтың тыныштығын ақтау», - деді жиын барысында Жамбыл облысы ішкі істер департаменті бастығының баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Стратегиялық маңызға ие болған бұл мақала жасампаз халқымыздың жарқын болашағын айқындайтын ойтолғам. Халық оны жақсы түсінуі керек дейді ақпараттық топ мүшелері. Өйткені бағдарламалық мақала ұлттық салт-дәстүріміз бен тілімізді, мәдениетімізді сақтауға, бағалауға сонымен қатар оны келешек ұрпаққа аманат етуге жол бастайды.

«Прагматизм, ұлттық бірегейлік, ұлттық сана – мұның барлығы еліміздің жаңадан түлеп, болмысын айрықша сақтап алуына ықпал етеді. Бізде салт-дәстүр де, руханият та бар. Тек соларды жаңғыртуымыз керек, ең алдымен жастардың бойына осы руханияттың дәнін себуіміз керек. олар елдің болашағы, болашақта Қазақстанды дамыған елдердің қатарына қосатын солар», - дейді Ішкі істер органдары және Ұлттық гвардия ардагерлер кеңесінің төрағасы Өрнекбай Смаилов.

Кездесу соңында еліміздің мүддесі үшін  азаматтық борышын адал атқарып, мемлекетіміздің саясатын іске асыруда үздік қызмет атқарып жүрген ІІО-ның қызметкерлері марапатталды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар