Қоғам 06.11.2017 сағат 13:11  1177

Астана тұрғыны баласына Бәйдібэкспо деп ат қойды

Исламда балаға дұрыс ат қою – ата-ананың бала алдындағы парыздарының бірі. Алайда, қазақ халқының басым көпшілігі өздерін мұсылман санағанымен, дәл осындай парыздың бар екенін кейбірі білмейтін секілді. Оны ұл-қыздарына қойған есімдерге қарап аңғаруға болады.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мәселен, бұған дейін елімізде ұл-қыздарына Саммита, Олимпиада, Ханшатыр, Азиада секілді қисынсыз есім берген тұрғындар кездесетін. Бүгін олардың қатары тағы бір адаммен толығыпты. Астана қалалық АХАЖ-дың мәліметінше, елордалық тұрғын жаңа туған сәбиіне Бәйдібэкспо деген ат берген көрінеді. Яғни, Бәйдібек пен ЭКСПО атауларын біріктіріп, осындай есім шығарған болуы керек.

Жалпы, қаңтар-қазан айларында Астанада 25 735 сәби дүниеге келген. Ұл балалардың көбіне Әлихан, Айсұлтан, Алан, Арлан секілді есімдер берілсе, қыздар арасында София, Амира, Кәусар, Елдана деген аттар көп кездеседі.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар