Қоғам 10.11.2017 сағат 06:53  974

Жыл басынан бері Астанадағы балалар үйіне 16 бала өткізілген

Ағымдағы жылдың басынан бері ата-ананың қамқорлығысыз қалған 16 бала елордалық балалар үйіне қабылданды. Бұл туралы Астана әкімдігіне қарасты кәмелетке толмаған балаларлы бейімдеу орталығы директорының орынбасары Айгүл Болатхан әкімдіктің медиа-орталығына берген сұхбатында мәлімдеген. 

«Бұл балаларды отбасына қайтару мүмкін болмады. Себебі олардың ата-аналары ата-ана құқығынан айырылды, ал кәмелетке толмаған балаларды туыстары қамқорлыққа ала алмады», - деді А.Болатхан.

Жыл басынан бері бейімдеу орталығына 700-ге жуық бала түсті. Олар: қадағалау-қараусыз, ата-ананың қамқорлығысыз қалған және үлкендер тарапынан зардап шеккен балалар. 

3 жастан 18 жас аралығындағы жас өспірімдер аталған орталықта үш айға дейін болады. Осы аралықта баланы ата-анасына қайтару немесе интернаттық мекемеге жіберу туралы шешім қабылданады. 

Бейімдеу орталығында балалардың білікті психологиялық, медициналық және құқықтық көмек пен бес мезгіл тамақтану мен білім алу мүмкіндігі бар.

«Қазіргі уақытта орталықта 25 кәмелетке толмаған бала бар. Жыл сайын орта есеппен бізге бір мыңға жуық бала түседі. Көбіне берекесіз немесе толық қанды емес отбасының балалары түседі. Олар ата-ана тарапынан қажетті ықылас пен мейірімді көрмейді», - дейді А.Болатхан.

Айта кетейік, соңғы уақытта Қазақстан астанасында балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің азаю үрдісі байқалады. 

Егер 2013 жылы елордалық балалар үйінде 422 бала болса, 2017 жылы олардың саны 272 құрады.

Республикада жетім балаларды тәрбиелеуге алған қазақстандық отбасыларды материалдық ынталандыру енгізілді. 2004 жылдан бері патронаттық тәрнбие беру формасы дами бастады. Патронаттық тәрбиешілерге еңбек өтілі мен квалификациялық категориясына байланысты ай сайын еңбек ақы төленеді. Сонымен қатар баланы күтіп-асырауға 9-10 АЕК мөлшерінде жәрдемақы беріледі.

Бұған қоса 2011 жылдан бастап баланың қамқоршылары да ай сайын 10 АЕК (22690 теңге) жәрдемақы алады.

Ал 2015 жылдың қаңтар айынан бері бала асырап алған қазақстандық азаматтарға 75 АЕК мөлшерінде (170 175 теңге) бір жолғы төлемақы төлене бастады. Жалпы, бұл 2013 жылы елордалық балалар үйінде 422 бала болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 272 құрап отыр. Яғни, балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің 36% пайызға азайғаны байқалады.

Соңғы жаңалықтар