Қоғам 08.11.2017 сағат 09:52  376

Қазақстанның болашақ әскери ұшқыштары алғашқы ұшуларын орындады

ҚР Қарулы күштерінің Әуе қорғанысы жыл сайын жүздеген жас сарбазбен толығатыны белгілі. Ал, аталған салаға қарасты Әскери институт әуе қорғанысына қажетті мамандарды даярлаумен айналысып келеді. Атап айтқанда, мұнда болашақ ұшқыштар ұшақ тізгініне отырудан бастап, оны ұшыруды және қондыруды үйреніп шығады. Оқу орнында бүгінде майдандық және армиялық авиацияның болашақ ұшқыштары, жерүсті қызметтерінің мамандары білім алуда.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Осы білім алып жатқан 2-курстың курсанттары жыл бойы теорияда үйренгендерін тәжірибеде жүзеге асыра бастады. Атап айтқанда, болашақ ұшқыштар алғаш рет өздігімен Ми-8МТ оқу-жауынгерлік тікұшағын әуеге көтеріп, әуеде тапсырма орындап, қайта жерге қоныдыруда. Бұған дейін олармен бірге инструктор тікұшақ салонында отырса, бұл жолы курсанттар күрделі тапсырманы жалғыз орындады.

Шығару бағдарламасы (курсанттардың бастапқы оқуы) өткеннен кейін анағұрлым дайындалған курсанттар өздігінен ұшуға олардың әзірлігін анықтау үшін тексеруге ұсынылады. Жерүсті дайындық курсы бойынша сынақтарды тапсырған курсанттар Ми-8МТ оқу-жауынгерлік тікұшағындағы ұшуларға кіріседі. ҚР ҚК ӘҚК Әскери институтындағы армиялық авиация курсанттарының тағылымдамасы екінші курстан басталады және жыл сайын өткізіледі. Оқу аяқталуға жақындағанда курсанттар сексеннен аса ұшуды орындап тастайды.

Курсанттардың моральдық-психологиялық дайындығының дұрыс ұйымдастырылуы өздігінен ұшулардың және үйренушілердің әрі қарайғы ұшу дайындығының сәтті болуының маңызды шарттарының бірі болып табылады. Осыған орай, қажетті білімді, шеберлік мен машықты жинақтау үшін курсанттарға  ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің әскери бөлімдерінен келген  тәжірибелі ұшқыш-нұсқаушылар көмектеседі.

«Нұсқаушының серпін беретін аялы сөзі курсанттардың жай-күйіне үнемі оң ықпал етеді. Алдағы аспанмен кездесуден қуаныш сезімі олардың белсенділігін арттырып, еркіндік қасиеттерінің пайда болуына итермелейді. Бүгінде ұшудағы барлық қойылған тапсырмаларды курсанттар «үздік» деген бағаға орындап шықты», - деді ұшқыш-нұсқаушы капитан Жанат Тұрмағамбетов.

«Осы жылдың қазан айында мен бақылау тексерісті «үздік» деген бағаға орындадым және өздігінен ұшуға рұқсат алдым. Ұшу алдында сәл-пәл толқыныс болды. Бірақ, мен аспанмен бетпе-бет келгенде өзімді жинақтап алдым. Сөзсіз, бұл күн мен үшін есте қаларлықтай болды», - деп ұшудан кейін курсант Мұхтар Дербішев алған әсерлерімен бөлісті.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар