Қоғам 03.11.2017 сағат 05:38  408

ҚР ҚМ Ұлттық қорғаныс университетінің өкілдері кәсіби біліктілікті шетелге бармай-ақ арттыра алады

Әдетте елімізде қай саланың мамандары болмасын, кәсіби біліктілігін арттыру үшін шетелге аттанып жатады. Өйткені, әлемнің дамыған елдерінен тәжірибе жинау – болашақта нәтижелі жұмыстың кепілі болатыны сөзсіз. Алайда, мұның шығыны да аз емес екенін ескеру керек. Әрбір маманның жүріп-тұруы, білім алуы мемлекеттің есебінен төленеді. Сондықтан, әрі біліктілікті арттыру үшін, әрі ақшаны үнемдеу үшін қазір шетелдің тәжірибелі мамандарын Қазақстанға алдырып семинар-тренингтер өткізу дағдыға айналып келеді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ал, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті осы дағдыны одан сайын дамытып, өз базасында кәсіби деңгейді арттыру курстарын ашып алды. Мұнда құқық қорғау органдары басшыларының Президент резервісінде тұрған қызметкерлер тәжірибелерін арттыра алады.

Курстың ашылуына Президенттің көмекшісі – Қазақстан Рсспубликасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы генерал-лейтенант Владимир Жумаканов, ҚР Бас прокуроры Жақыпм Асанов, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының міндетін атқарушы Наиль Ахметзәкіров қатысты.

Курс бағдарламасының тақырыбына сәйкес Ұлттық қорғаныс университетінің «Қарулы Күштері Бас штабының академиясы» факультетінің оқытушылары заманауи әскери қақтығыстардың, әлемдегі геосаяси жағдайдың сипатын зерделеу және өзге де тақырыптар бойынша сабақтар өткізеді.  2017 жылғы мамырда ҚР ҚМ Ұлттық қорғаныс универсиетінің базасында Құқық қорғау органдары академиясымен екіжақты меморандум шеңберінде Академиямен кадрлық резервте тұрған Президент резервісіндегі, прокуратура органдары қызметкерлерінің алғашқы курстық даярлығы ойдағыдай өткізілді.

«Біз үшін қолда бар инфрақұрылымды, әсіресе, Президент резервісіндегілерге курс өткізу үшін аудиорлық қорды қайта ұсыну үлкен абырой. Құқық қорғау органдарының академиясы сияқты жетекші ЖОО-лармен біліктілікті арттыру мәселелеріндегі ынтымақтастық – ведомстволарымыз, университтер мен әрине, оқып-үйренушілер үшін сөзсіз, білім беру ортасын кеңейту болып табылады», - деп генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров атап өтті.

Ұлттық қорғаныс университеті жетекші ведомствоаралық ғылыми-білім беру орталығы болып табылатынын айта кету қажет. Университетте ұдайы негізде ҚР ҚК, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің біліктілігін жоспарлы түрде арттыру жүзеге асырылады. Жыл сайын ҚР ҚМ Ұлттық қорғаныс университеті базасында 1000 адамға дейін біліктілікті арттырудан өтеді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар