Қоғам 10.11.2017 сағат 09:43  502

Ақтөбелік лаңкестердің әйелдері хиджабтарын шешіп, ел қатарлы жұмыс істеуге кірісті

Былтыр 5 маусымда Ақтөбеде болған лаңкестік оқиға әлі жұрттың есінен шыға қойған жоқ, күні кеше орын алғандай. Ондаған лаңкестің қаланың қақ ортасында ойран салуы тек Қазақстан емес, әлем жұртшылығының жағасын ұстатқан болатын. Теракт салдарынан ол кезде 7 адам қаза тапты. Тағы 18 лаңкестің көзін құқық қорғаушылар жойған еді. 22 адам жараланған.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бүгінде аталған қанды қылмысты жасағандар мен ұйымдастырғандар түгел ұсталып, жазаларын түрмеде өтеп жатыр. Ал, олардың әйелдерімен қоғамдық ұйымдар, психологтар, имам-молдалар жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, мақсат – лаңкестердің әйелдері мен бала-шағасы радикалды ағымдардың тағы да құрбанына айналдырмау.

Аталған жұмыстың нәтижесі де жоқ емес. Қазіргі таңда олардың басым көпшілігі хиджабтарын шешіп, тұрақты жұмыспен айналыса бастапты. Бұл туралы Хромтау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

«Хромтау ауданының әкімдігі радикализммен және жұмыссыздықпен күресу мақсатында аудан орталығынан арнайы тігін цехын ашқан. Мұнда лаңкестердің әйелдері – барлығы 10 адам жұмысқа орналасты. Кәсіпті үйрену үшін олар бұған дейін 2,5 ай бойы колледжде тегін білім алған болатын. Ал, тігін машинасы мен басқа да материалдарға әкімдіктен 1,5 млн теңге қаржы бөлініп отыр. Цехта негізінен жұмыс қолғаптары мен балабақшаның көрпе-жастық тыстары тігіледі. Жұмыс ұжымына басшы ретінде сол он әйелдің бірі тағайындалған. Оның күйеуі қазір түрмеде лаңкестік жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр», - деді аудан әкімдігінің өкілдері.

Жергілікті билік өкілдері әйелдердің діни көзқарастарының өзгергеніне сенімді. Қазірдің өзінде келіншектер хиджабтарын шешіпті. Айтуларынша, кейбірі дәстүрлі дінге де көше бастаған.

Бүгінгі таңда Хромтау ауданында радикалды діни ағымдардың қатарында 70-ке жуық адам бар. «Олардың 16-сы дәстүрлі дінге кері қайтты» дейді аудан әкімі Аманғали Бердалин. Қазір ауданда тек үш қыз ғана мектепке орамалмен қатынап жүр. Әкім жаңа жыл басында оқушылардың барлығы дерлік мұндай діни атрибуттардан түбегейлі бас тартады дегенді сеніммен айтты.

Еске салайық, Ақтөбедегі осы лаңкестік оқиғадан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін шұғыл жинап, кінәлілерді қатаң жазалауды тапсырған болатын. Дәл сол жиында Елбасы терактінің артында салафизм ағымын ұстанушылар тұр деп мәлімдеді. Оларға тапсырма шет елдердің бірінен келген.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар