Қоғам 03.11.2017 сағат 06:51  383

Алматыда МӘМС-ті түсіндіру жұмыстарының 3-кезеңі басталды

Елімізде медицина саласындағы ең маңызды реформалардың бірі саналатын – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жұмыстары жалғасып жатыр. Республиканың түкпір-түкпірінде аталған рфеорманы халыққа түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Алматыда бұл жұмыстардың үшінші кезеңі басталды. Бұл туралы Sn.kz тілшісіне Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Дана Қорғанбаева мәлімдеді.

Денсаулық сақтау саласының мамандары реформаны жүзеге асырумен қатар, оның пайдалы тұстарын халыққа түсіндіріп келеді. Өйткені, МӘМС бойынша әрбір қазақстандық өз табысының белгілі бір бөлігін сақтандыру қорына ай сайын аударуы тиіс. Ал, қаржы жүрген жерде түсініспеушіліктің көп болатыны да белгілі. Сондықтан, қазақстандықтардың әрбірі бұл реформаның маңыздылығын түсінуі тиіс дейді алматылық медицина мамандары.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 80-қадамында МӘМС жүйесін енгізу арқылы әр адамның өз денсаулығына деген жауапкершілікті арттыру көзделген. Әлеуметтік сақтандыру енгізілген соң халыққа кез келген ем түрі қолжетімді болмақ.

Бүгінде Алматыда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды халыққа түсіндіру бойынша 1450 кездесу ұйымдастырылып, барлығы 1,2 миллион адам қамтылыпты.

– «Бекітілген халық тіркелімі» порталының деректері бойынша, 2017 жылғы өсім 3,5 % - 61 710 адам, барлығы 1 810 449 тұрғын тіркелген (2017 ж 1 қаңтар – 1 млн 748 мың 739), оның ішінде жеке құрылымдар 169 447 – 9,4%. Қосымша еркін тіркеу есебі науқанында Қазақстан Республикасы азаматтарын тіркеу жүзеге асырылуда. ҚР Денсаулық сазтау министрлігінің жариялауымен 2017 жылдың 5 сәуір мен 30 маусым аралағында халыұты уақытша тіркеу рәсімдері жүзеге асырылды. Сонымен қатар, тіркеу науқаны 2017 жылдың 15 қарашасына дейін жалғасуда, - дейді Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы, қоғамдық денсаулық сақтау және медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту бөлімінің бас маманы Дана Қорғанбаева.

Оның айтуынша, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 56 денсаулық сақтау ұйымы бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің әлеуетті провайдерлерінің тізіміне енгізілген. Олардың 40-ы – мемлекеттік ұйымдар, 16-сы жеке медициналық орталық болып табылады. Кепілдікті тегін медициналық көмек көлемі аясында биыл алғаш рет алғашқы медициналық санитарлы көмек орындалған.

Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу бәсекелестік ортаны одан әрі дамытуға ықпал етеді.

– Пациент медициналық ұйымды меншік нысанына қарамастан,  кепілдікті тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде медициналық көмек алу үшін таңдауға құқылы. Ұйымның қаржылық әл-ауқаты хабарласқан  пациенттерге және оларға жауап берген адамдар санына байланысты болады. Себебі, ол науқастың шығынын қалпына келтіру үшін төленеді. Бәсекелестік медициналық көмектің сапасын ұйымдастыру мен сапасын жақсартуға септігін тигізеді. Медициналық көмектің сапасы мен халықтың айналымы жеке және мемлекеттік медициналық ұйымдарда бақыланады, - дейді Дана Елтайқызы.

Айта кетейік, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру кез келген қызмет сапасын жақсара түседі. Оған қоса, ауруханалар, емханалар соңғы үлгідегі технологиялық аппараттармен жабдықталып, медқызметкерлер біліктілігін арттыруға көңіл бөлінеді. Халық денсаулығын жақсарту мен қызмет сапасын арттыру мақсатында емханаларда «сенім телефоны» жұмыс істейді. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан түсетін түрлі сұрақтарға жауап беретін Call орталықтар жұмыс істейді. Науқастарды қолдау жүйесі де бар.

 

Соңғы жаңалықтар