Қоғам 07.11.2017 сағат 11:25  306

Көктемгі тасқын сумен ОҚО жұртшылығы қалай күресетін болады?

Көктем келе Қазақстанның барлық аймағына тасқын су деген проблеманың қоса келетіні баршамызға мәлім. Жыл сайын табиғаттың осынау тосын мінезінен мыңдаған адам зардап шегіп, экономикаға айтарлықтай залал келіп жатады. Және бұл проблема жыл сайын қайталанатыны жанға батады. Алайда, биыл көктемде орын алған тасқыннан кейін Мемлекет басшысы үкімет мүшелеріне қатаң тапсырма беріп, проблеманы біржола шешуді тапсырған болатын. Яғни, республика аумағында ірілі-ұсақты ондаған су қоймалары салынуы тиіс. 

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл тапсырма Оңтүстік Қазақстан облысына да қатысты. Өңірде қыс қатты болмаса да жыл сайын су тасқыны жергілікті тұрғындарды әбден әбігерге салады. Сондықтан, облыс басшылары биылдан бастап су қоймаларының құрылысын бастауы тиіс болатын. Ал, енді бұл мақсаттағы жұмыстар қалай атқарылып жатыр? Келесі көктемге өңірдің құтқарушылары мен жергілікті билігі дайын ба? Бұл сұрақтарға жауапты бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Үкіметтің селекторлық жиынында айтты.

Өңір басшысының айтуынша, облыста су тасқынының алдын алу жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Қазіргі таңда су қоймалар мен өзен-көлдер қадағалауға алынып, ондағы жағдайлар туралы мониторниг жұмыстары жалғасуда. Дегенмен облыста ең өзекті мәселелердің бірі болып,  трансшекаралық Сырдария өзені мен осы өзеннің бойында орналасқан шекаралық көршілес мемлекеттердегі су қоймаларындағы су мөлшері алаңдатып отыр. Қазіргі таңда берілген мәліметтер бойынша «Тоқтағұл» су қоймасында 19,5 милиард  текше метр су болса, қазіргі жағдайда 99 пайыз толып тұр. Ал, «Қайрақұмның» жобалық көлемі 3 миллиард  800 млн  текше метр болса, қазіргі жағдайда 86 пайызға яғни 3 милиард 281 млн текше метрге толған. Бұл «Шардара» су қоймасына қауіп туғызады. Себебі, «Шардара» су қоймасынан суды төмен тастауға арналған гидротехникалық жүйелер жалпы секундына 2 мың 315 текше метрге дейін мүмкіншілігі бар. Осы мәселелерге байланысты облыс әкімі негізгі төрт ұсынысын жеткізді.

«Біріншіден, өткен жылдардың тәжірибесін ескере отырып, «Шардара» су қоймасын кемінде 2018 жылдың қаңтар айына дейін транзиттік режимде ұстауды ұсынамын. Екіншіден, қауіп төнген жағдайда көршілес Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан республикаларымен келісім арқылы келген судың мөлшерін азайтуға және Арнасай ойпатына су тастау мәселесін Үкімет деңгейінде шешу қажет.  Үшіншіден, «Шардара» су қоймасынан жоспарлы түрде Қызылқұм ойпаңына секундына 2100 текше метр аптатты су тастау құрылымы құрылысын салуды қолға алу керек.  Төртіншіден, қыс мезгілінде қауіпті жағдай төнгенде «Шардара» су қоймасынан Қызылорда облысына тасталған судың мөлшерін көбейтіп, реттеуді ұсынамын», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Облыс әкімінің бұл ұсынысына Үкімет басшысы ерекше мән беріп, орынбасарларына  бақылауда ұстауды тапсырды.  Жалпы қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында  су тасқыны қауіпі жоқ.

Айта кетейік, биыл облысымыздағы төтенше жағдайлардың алдын алуға 1,3 млрд. теңге қаралған. Бұл қаржыға облыстағы қорғаныс бөгеттері нығайтылып, 23,2 шақырым жаңа бөгет салынды.

Бұдан бөлек, 25,6 шақырым өзендердің жағалаулары бекітіліп, 295,2 шақырым арық-каналдар мен 186 бірлік су өткізу құбырлары тазаланған. Қазірдің өзінде өңірде 1167 адамы бар  құрам жасақталып, 304 дана техникасы бар күш құрылдымдарымен келісім жасалған. 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар