Қоғам 05.10.2017 сағат 09:52  292

Үлкен Алматы айналма автожолының құрылысына 1,5 млрд доллар жұмсалады

Бүгін Бауыржан Байбек кәсіпкерлердің инвестициялық форумының ашылу рәсімінде сөз сөйлеп, мегаполисте инвестицияға мұқтаж ірі нысандар туралы баяндады. Әкімнің айтуынша, қазір қаладағы ең маңызды нысандардың бірі – Үлкен Алматы айналма автожолы екен. Оның құрылысына әкімдік инвесторлар мен жергілікті бюджет есебінен 1,5 млрд доллар жұмсамақшы.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Б.Байбектің айтуынша, айналма жол қаладағы көлік кептелісінің мәселесін біршама шешуі тиіс. Тиісінше, ауаның ластану деңгейі де төмендейді. Өйткені, Алматы атмосферасына тасталып жатқан зиянды қалдықтардың 80 пайызы осы көліктерден бөлінеді екен.

«Қала орталығындағы көлік кептелісі проблемасын шешудің бірден-бір жолы – Үлкен Алматы айналма автожолын салу. Ол Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомагистралінің бір бөлшегі болады. Жобаның құны 1,5 миллиард доллар. Жаңа трассамен тәулігіне 40-60 мың автокөлік жүріп өтіп, Алматының көшелерін біршама босатады», - деді Бауыржан Байбек инвесторлардың алдында сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, бүгінгі таңда шағын 30 жолайрықтан тұратын айналма жолдың құрылысы да толықтай ақталуға жақын. Бұл жоба толық аяқталғанда Алматы көшелеріндегі көлік кептелістері азаятын болады.

«Келер жылы Еуропалық Даму банкімен бірге Алматыда жеңілрельсті көлік жолының құрылысын бастауғабайқау жариялаймыз. Сондай-ақ, метро құрылысы да жалғасып жатыр. Тұрғын үй қоры мен қоғамдық орындарды жаңғырту жұмыстары да жүргізілуде. Бүгінде Алматыдағы 1000-нан астам ескі үй қайта жаңғыртуды қажет етеді. Ол үшін 1,5 млрд доллар инвестиция қажет. Сонымен қатар, біз экологиялық таза көліктердің болашағына көп үміт артып отырмыз. Бүгінгі таңда электр энергиясымен және газбен жүретін қоғамдық көліктердің үлесі 60 пайызға жетті. Жыл соңына дейін қалалық автобус паркінің үштен бірі жаңарады. Алматы көліктердің емес, адамдардың қаласы. Сондықтан, қалада жаяу жүргіншілерге арналған, велосипедтерге арналған жолдар пайда болып, автобус жолақтарының саны артады», - деді Алматы әкімі.

Үлкен АЛматы айналма автожолы – мемлекеттік-жекеменшіксеріктестік бағдарламасы аясында жүзеге асатын алғашқы ірі жоба. Болжам бойынша, жеке кәсіпкерлер аталған трасса құрылысына құйған ақшаларын алдағы 20 жылда қайтарып алады. Жолың ақылы болуы есебінен инвесторлар жыл сайын өздеріне тиесілі қаражатты алып отырмақ. ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек биыл жазда мәлімдегендей, трассаның құрылысымен айналысатын инвесторлар 2017 жылдың соңына дейін анықталады.

«Алғашында біз бұл жобаның жұмысын бастар кезде бірқатар проблемалар шықты. Мәселен, 2009-2010 жылдары жер телімдері тым қымбатқа бағаланды. Ал, мұнан кейін жер бағасы күрт арзандап кеткен соң меншік иелерімен келісуге мүмкіндік туды. Яғни, Алматы әкімдігі аталған жер телімдерін алғашқы бағаларынан 7 есеге арзанға сатып алды», - деді министр.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар