Қоғам 12.10.2017 сағат 15:44  331

Алматыда Айтмұхамед Абдулиннің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

Алматыда көрнекті ғалым, Құмкөл кен орынын алғаш ашқан және аймақтық геология, мұнай және газ өндіру геологиясы саласының дара маманы Айтмұхамед Абдуллиннің құметіне ескерткіш тақта орнатылды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қаныш Сәтбаевтың үзеңгілесі, академик Абдуллиннің есімі біздің елімізге және шетелге де жақсы таныс. Ол 400 ғылыми жұмыстың, 10 монографияның авторы. Сондай-ақ, Қазақстанның құрметті инженері, «Қазақстанның Құрметті кен іздеушісі» атағының иегері. Айта кету керек, академиктің есімі Алматы қаласының Алтын кітабына енгізілген. Мемориалдық тақта қалада орналасқан, ғалымның өзі 50 жылға жуық еңбек еткен Қаныш Сатпаев атындағы геологиялық ғылымдар институты ғимаратының іргесіне орнатылды. Шараға ғалымның замандастары, әріптестері мен шәкірттері және отбасы қатысты.

«Әкемнің қандай керемет адам болғаның, парасатты, ақылды екенің қазір түсініп отырмыз. Ол жастайынан тағдырдың тәлкегіне ұшырап, әке-шешесінен ерте айырылған еді. Балалық шағын туыстарына жалтақтаумен одан қалды балалар үйінде өткізген. Дегенмен, қайратты жан 17 жасында өзі сұранып сұм соғысқа аттанған болатын. Бірнеше рет жарақат алып, жеңіспен елге оралған әкем өз еңбегімен оқуға түсіп, академик атанды. Мен әкемді әр уақытта құрметтеп, оның рухына тағзым етіп өтемін», - дейді  А.Абдуллиннің қызы Сәуле Абдуллина.

Жалпы, Алматы қаласының әкімдігі соңғы уақытта алаш ардақтыларына арнап қалада бірнеше ескерткіш орнатылды. Мәселен, мамыр айының соңында Ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарына арналған монумент ашылды.

Сондай-ақ, қыркүйек айында жазушы қала әкімдігінің бастамасымен Сәкен Жүнісовтің тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен Нұрмақұлының қаламынан туған «Ақан сері» дилогиясы, «Жапандағы жалғыз үй», «Заманай мен Аманай» романдары, «Ажар мен ажал», «Жаралы гүлдер» пьесалары мен тағы басқа туындылары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған асыл мұралар. Ол көзі тірісінде-ақ «қазақтың Сәкен серісі» атанған.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар