Қоғам 16.11.2017 сағат 05:21  5070

«Қалаулым» қашан жабылады?

Бүгінде бұл сұрақты Ақпарат және байланыс министріне қоятын қазақстандықтардың саны артып барады. Қоғам белсенділерінің көбі «Евразия» телеарнасының эфирінен көрсетілетін аталған ток-шоуды жауып тастау керек деген пікірде. Өйткені, тележоба жастардың тәрбиесіне тікелей теріс әсерін тигізіп жатқан көрінеді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мұндай пікірге белгілі эстрада әншісі Сәкен Майғазиев пен оның қарт анасы да қосылып отыр. Әнші бұл туралы өзінің Instagram-парақшасында жазып, анасының «сәлемін» жеткізді.

«Сәкентай-ау, ана Аша (тележоба жүргізушісі) қарындасыңмен күнде бірге жүрсің ғой, менің сәлемімді айтшы: "Қалаулым" деген бағдарлама не сұмдық?! Ауыздарынан ақ ит кіріп көк ит шығып жатқандардың ата-әжесі, әке-шешесі, жақын-жұрағаты ұят болады деп айтпай ма? Жастарға не өнеге бермекші?!», - дейті С.Майғазиевтің анасы.

Айта кетейік, бағдарлама жабылсын деген талап-тілегін кеше шымкенттік заңгер Айгүл Орынбек Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаевқа айтқан болатын. Министр «Қалаулымды» толықтай тексеруге уәде берді.

«Қалаулым» тележобасы «Евразия» телеарнасынан бірнеше айдан бері көрсетіліп келеді. Бағдарламаны танымал әнші Аша Матай жүргізеді. Онда жастар сезімдерімен бөлісіп, көңілдері жараспағандары бір-бірін балағаттап, тіпті төбелесіп те жатады. Алайда, әлеуметтік желілерде аталған бағдарламаның жай ғана шоу екені айтылды. Оған қонақ ретінде қатысып жүрген жастардың барлығы дерлік актерлар мен актрисалар көрінеді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар