Қоғам 27.10.2017 сағат 13:24  400

Алматылықтар тек сапалы азық-түлік тұтынады

Алып шаһарға сырттан келетін сапасыз азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарлары мүлдем кіргізілмейді. Жыл басынан бері алматыға 14 мың тонна жарамсыз өнім сырттан тасымалданбақ болған. Алайда, мұндай азық-түлік шекарадан кері қайтарылыпты.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жалпы, ағымдағы жылдың 10 айында 14 мың тонна жарамсыз өнім Алматыға жетпей шекарадан қайтқан екен. Олардың барлығы өзге аймақтардан тіпті, көршілес елден тасымалданған тауарлар. Дәл бүгін де, сапасы сын көтермейтін 400 келі ет кеденнен өткізілмеді. Былтыр бас-аяғы Оңтүстік Астанаға 1 миллиард доллардың импорты тасымалданған.  

«Көкөністерді және басқа өнімдерді басқа еліміздің аумақтарынан әкелуге мәжбүр болып отырмыз. Дегенмен, бізде Алматыда ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін орындар бар. Олар 218 тіркелген және заңды жұмыс істейтін орындар және сүт, май, томат өнімдерін өңдеумен айналысады», - дейді Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Айдын Керімбек.

Айдын Керімбек айтып отырған кәсіпорындар сырттан тонналап тасымалданатын тауар көлемін едәуір қысқартуға септеседі. Мәселен, 17 гектар аумақты қамтитын жылыжайда қызанақ пен қияр өсіріліп, биылдан бастап импорт көлемін 15 пайызға азайтуда. Кәсіпкерлер бұл қарқынды одан әрі үдетпек ниетте. Келер жылы қосымша тағы да 8 гектар аумаққа егін егілмек. Нәтижесінде 2020 жылға дейін томат пен қияр Алматы нарығын қамтитын болады. Импортқа тәуелді болмас үшін инвесторлар тартылып, кәсіпкерлер үшін жағдай жасалуда. 

Айта кететін тағы бір жайт, Алматыда 86 түрлі тамақ өнімдерін қайта өңдеуге мүмкіндік бар. Осы салада бизнесті бастағандар үшін жарнамадан бастап салықтық түсімдерге дейін жеңілдіктер қарастырылған. 

«Қазіргі уақытта жаңадан кәсіпорын салатын кәсіпкерлерге ең қолайлы жер индустриалды аймақ болып есептелінеді. Егер де өндіріс ошағының шығарған өнімі отандық нарықтан бөлек экспортқа да шығарылса, қажетті бөлімшесін ашса, не болмаса қойма қажет болса шығынның 50 пайызын өтейміз. Тіпті, жарнамаға кеткен қаражаттың тең жартысы төленеді. Оған қоса коорпоративті табыс салығынан босатылады»,- деді «ҚАЗАҚ-ИНВЕСТ» АҚ-ның Алматы қаласы бойынша аймақтық төрағасы Әрсен Насырханов.

Қалталыларды тарту үшін алып шаһарда алыс жақын елдерден келетін іскерлердің басы қараша айының бірі мен үші аралығанда қосылмақ. Дәл осы жиында 13 мемлекеттің кәсіпкерлері арасында мардымды келіссөздер жүргізілмек. Былтырдың өзінде мұндай жиыннан кейін бұған дейін біз білмеген 207 жаңа өнім дүкен сөрелерінен табылған. Біздің тараптың қарқыны мен қауқары биыл белгілі болмақ.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар