Қоғам 17.11.2017 сағат 09:06  2433

Енді қарағандылық ер азаматтар ұрығын өткізіп мол табыс таба алады

Қарағандылық ер жігіттер айына 15 мыңнан 75 мың теңгеге дейін табыс таба алатын мүмкіндікке ие болып отыр. Қалалық ұрықтандыру клиникасының өкілдері донорлардың тапшы екенін айтып, ер азаматтарға мол қаражат ұсынып отыр. Бұл туралы жергілікті nv.kz порталы хабарлады.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Клиника мамандарының айтуынша, өңірде соңғы уақытта ЭКО арқылы жүкті болғысы келетін әйелдердің саны күрт артқан екен. Ал, олардың барлығының сұранысын қанағаттандыру қиынға түсіп жатқан көрінеді. Сондықтан, клиника қомақты қаражатқа ер азаматтардың ұрығын сатып алмақ ниетте.

Донор болу үшін ер азаматтардың жасы 18 бен 35 жас аралығында болуы тиіс. Сондай-ақ, ол жыныстық қатынасқа қауқарлы және жаман әдеттерден ада болуы керек.

«Спермаграмма тапсырылғаннан кейін, оны инфекцияға тексереміз. Егер бәрі жақсы болса одан әрі жұмыс істей аламыз. Келіп жатқан адамдар көп. Бірақ, басым көпшілігі талаптарға сәйкес келмейді. Олар өте көп сынақтан өтеді, шыққан тегіне дейін тексереміз. Қысқасы, мәселе сперматазоидтың санында емес, сапасында», – дейді клиника дәрігері.

Бір рет ұрық өткізген ер адамға 15 мың төленеді екен. Айына 4-5 рет тапсыруға мүмкіндік бар.

Дәрігерлер сондай-ақ клиникада әйелдерге арналған да табыс көзінің барын жасырмады.

«18 бен 35 жас аралығындағы бір немесе одан да көп баласы бар әйел адам аналық тұқым жасушасын өткізе алады. Тиісінше оған – 60 мың мен 180 мың көлемінде сыйақы алу мүмкіндіктері бар. Бірақ ол үшін көптеген анализдік тексерістен өтулеріне тура келеді», – дейді дәрігер.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар