Қоғам 17.11.2017 сағат 11:19

Ақтөбеде намазхан ата-аналар дін жолында жүрген таксист іздейді

Ақтөбе қаласының тұрғыны мұндай хабарландыруды Instagram желісіндегі obiavlenie_aktobe парақшасына қалдырған. Онда ол мектепке баласын апару үшін намаз оқитын таксистің керек екенін жазыпты.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Маған 3-cынып оқитын баламды сабаққа апарып, алып келетін жүргізуші керек. Жүргізуші міндетті түрде намаз оқитын кісі болуы керек», — делінген аталған хабарландыруда.

Желіде көрсетілген нөмірге хабарласқанымызда әйел адам бұл жолдасының талабы екенін айтты деп жазады Aktobenews.kz.

«Дін жолында жүрген адам керек. Жолдасым намаз оқиды. Әкесі баламды таситын жүргізушінің де сондай адам болғанын қалайды. Басқа адам керек емес», — дейді келіншек.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар