Қоғам 20.11.2017 сағат 10:58  4085

Дәрігер ер азаматтардың белсіздікке шалдығу себебін түсіндірді

Қазақстанда соңғы уақытта белсіздік пен бедеулік індетінің кең етек жайып келе жатқанын дәрігерлер айтуындай айтып келеді. Некелерін жаңа қиған жас отбасыардың жиі ажырасып кетуіне де осы бала сүйе алмауы себеп болады дейді олар. Еуразия бірінші арнасынан шығатын «Әйел сыры» бағдарламасында қонақта болған репродуктолог-дәрігер Ләззат Амангелдіқызы ер азаматтардың белсіздік себебін түсіндірді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оның айтуынша, ерлер бұл дертке дұрыс тамақтанбағаннан және дене шынықтыруымен шұғылданбағаннан шалдығады екен. «Ер азаматтарда ұрық әлсіздігі болып жатыр. Оған күнделікті уайым, астың құнарсыздығы, жұтып отырған ауаның ластығы себеп болып отыр», – дейді репродуктолог Ләззат Амангелдіқызы.

Ал, Қазақстанның №1 уролог-дәрігері Мырзакәрім Алшынбайұлының айтуынша, қазақстандағы ер азаматтардың жартысында белсіздіктің алғашқы белгілері кездеседі екен. Бұған басты себеп - олардың салауатты өмір салтын ұстанбауы. М.Алшынбайұлы басқаратын Урология ұлттық ғылыми орталығы жүргізген скринингтік зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, зерттеуге қатысқан 26 мың ер азаматтың 56,3 пайызынан түрлі дәрежедегі эректильдік дисфункция белгілері анықталған. 30,4 пайызында – ұрықтың бұзылуы, 42,4 пайызында жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулардың бар екені белгілі болыпты. Ал түсті металлургия кәсіпорындарында жұмыс істейтін жұмысшылардың 53,2 пайызында репродуктивтік қызметтің бұзылуы байқалған

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар