Қоғам 21.11.2017 сағат 03:40

Болашақ сәбилерін күтіп жүрген жұлдыздар

Ана болу – әр қыз баланың, сәбилі болу – әр отбасының арманы. Juldyz-alem.kz  порталы cол бақытқа асығып жүрген өнер жұлдыздарының есімін жариялады.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Тізіміміздің шымылдығын қазақстандық танымал эстрада әншісі, кино және театр актрисасы – Салтанат Бақаева ашпақ. “Арнау” тобының солисі, бүгінде Нұржан есімді азаматтан екі ұл тәрбиелеп отыр. Әнші алдағы жылы үшінші перзентін дүниеге әкелмек.

Аиша. Беркуттың Аишасы да, Салтанат секілді екі ұлдың анасы. Әншінің жары Беркут, телеарналарға берген сұхбатында үшінші перзенттерін күтіп жүргенін және жарының құрсағындағы сәбидің 3-айында екенін қуаныштан айтып кеткен болатын.

Динара Қырықбаева. Жастайынан өнер әлемінде танылған әнші 2015 жылы 24 мамыр күні  Олжас есімді жігітке ұзатылды.  Айша есімді тәтті қыздың анасы қазір екінші перзентін күтіп жүр.

Ақерке Тәжібаева. 2016 жылдың 23-сәуірі күні қобызшы Ақерке Тәжібаева қуанышты жаңалығымен бөлісіп, өзіне сырға салынғаны туралы хабарлаған болатын. Ақтөбе қаласына ұзатылған танымал қобызшы тұңғышын күтіп жүр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар