Қоғам 13.11.2017 сағат 12:07  852

Алматыда мүгедек жандарға арналған «Достық» фестивалі өтті

Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театрында Мүгедектер күніне арналаған үшінші «Достық» фестивалі өтті. Бұл туралы «Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Аталмыш іс-шараға мүмкіндіктері шектеулі жандар, олардың туыстары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар және басқа да өнерсүйер қауым қатысты. Шара аясында мерекелік концерт ұйымдастырылған. Концертте мүмкіндіктері шектеулі адамдардың ұжымдары өз өнерлерін көрсетті.

Фестивальге Алматы қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Мамсуров Казбек Владимирович, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Мұрынова Жаннат Шарапханқызы, Алматы қаласы әкімінің мүмкіндіктері шектеулі жандар мәселесі бойынша кеңесшісі Алаев Вениамин Юрьевич, Медеу аудандық ерікті мүгедектер қоғамының төрайымы Климко Любовь Касымовна және «Шарапат» мүгедек жастар ұйымының жетекшісі Мананбаева Раушан Темірбекқызы қатысып, құттықтау сөздер айтты.

– Біріккен ұлттар ұйымының «Мүгедектердің құқықтары туралы» конвенциясын ратификациялау туралы Заңның қабылдануы республикадағы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ең маңызды оқиға болды. Бүгінгі күні, мүгедектердің білім алуға және жұмысқа орналасуға қолжетімділігінің кеңеюі және олардың қоғам өміріне толық қатысуы мемлекетке экономикалық, әлеуметтік және саяси әсерін беруде. Бүгінгі мерекемен баршаңызды құттықтап, фестивальдың ойдағыдай өтуіне тілекшімін, – деді Алматы қаласы әкімінің мүмкіндіктері шектеулі жандар мәселесі бойынша кеңесшісі Вениамин Алаев.

Құттықтау сөзінен кейін мерекелік концерт басталды. Концертте Талғар қаласының «Белый ангел» клубының мүшелері, «Шарапат» жас мүгедектер ұйымының, Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бишілері мен әншілері, «Жүрегім қазақ» атты ым әнін орындаған №1 мектеп-интернаттың оқушылары, №5 мектеп-интернатының «Арай» би ұжымы және басқалар өнерлерін көрсетті.

Концерттен кейін марапаттау рәсімі өтті. Қатысушыларға мадақтамалар, гүлдер және бағалы сыйлықтар берілді. Іс-шара соныңда көрермендер мен қатысушылар тамаша мереке үшін ұйымдастырушыларға алғысын айтты.

Айта кетейік, «Достық» фестивалін Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, «Шарапат» жас мүгедектер ұйымы, Медеу аудандық ерікті мүгедектер қоғамы бірлесіп ұйымдастырған.

Ақбота Мұсабекқызы

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар