Қоғам 16.11.2017 сағат 08:13  293

Ақтауда «Жастар керуені» байқауы өз мәресіне жетті

Бүгін Ақтауда «Жастар керуені» жобасының жұмысы қорытындыланып, көштің эстафетасы Батыс Қазақстан облысына табыс етілді. Алдағы уақытта жастар көші еліміздің барлық өңірлерін аралап, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттайды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ендеше республика бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру – Жастар керуені» Батыс Қазақстан облысына қарай жолға шықты.  

Ұйымдастырушылардың айтуынша, облыс әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасына сәйкес аталмыш көш өз жұмысын он бес күн бұрын, яғни 1 қарашада Жаңаөзен қаласынан бастаған.

Керуен Маңғыстау облысының 1 қаласы мен 5 ауданына қарасты 56 елді-мекенді, оның ішінде шалғай ауылдардағы жастарды қамтып, тұрғындар арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын мақсат-міндеттер мен жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталмыш жобаның негізгі мақсаты – аймақ тұрғындарына мемлекеттік саясатты түсіндіру, жастарды қолдау, халық игілігіне арналған түрлі қызметтер мен мол мүмкіндіктерді ұсынатын мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау және өзекті мәселелер бойынша жастарға ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету болды.

Керуенді өткізуарқылы «Қазақстан-2020: болашаққа жол» 2020 жылға дейінгі ҚР  мемлекеттік  жастар  саясатының  тұжырымдамасын іске асырудың  және мемлекет  басшысының  - «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру»  бағдарламалық  мақаласын  іске  асырудың  негізгі  бағыттарын  көрсету көзделді.

Керуен мемлекеттік  жастар  саясатын іске  асыру  мәселелерінде  ведомствоаралық өзара  іс-қимылдың  тиімді  моделін қалыптастыруды,  өңірлердегі  жастармен  жүйелі  жұмыс  істеуді  жолға қою мақсатын орындауға бағытталды.

Керуен жұмысы өңірдегі өзекті деген бірнеше мәселені шешуге бағытталған.

-  жастарды жұмыспен қамту;

-  тұрғын  үй алуға жәрдемдесу  және  жатақханамен қамтамасыз ету;

-  діни  экстремизм  мен терроризмнің  алдын  алу;

-  кәсіптік бағдар беру;

-  жастардың бизнес бастамашылдығын қолдау;

-  цифрлы технологияларды түсіндіру;

-  патриоттық  тәрбие  мен  еріктілік;

-  салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Облыстың 1 қаласы мен 5 ауданына қарасты 56 елді мекенді қамтыған (Ақтау қаласын қоспағанда) «Рухани жаңғыру – жастар керуені» аясындағы шараларға 5 мыңға жуық жас азаматқатысты4 мыңға жуық жас жоғарыда аталған бағыттар бойынша консультациялық кеңестер алды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар