Қоғам 18.11.2017 сағат 14:24  357

Қазақстандық әскерилер Тәжікстандағы оқу-жаттығу жиынының соңғы кезеңін аяқтады

Тәжікстан Республикасының «Харбмайдон» полигонында «Жауынгерлік бауырластық-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының шешуші кезеңінің белсенді фазасы өтті.

Бір жарым ай бойы Ресей, Армения, Қазақстан және Тәжікстанның полигондарында ҰҚШҰ-ның барлық елдерінен келген әскери контингенттер әскерлердің коалициялық топтамаларын бірлесіп жоспарлау және қолдану шеберліктерін шыңдады. Оқу-жаттығудың шешуші кезеңі үшін тәжік-ауған шекарасынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан «Харбмайдон» полигоны таңдалды. Оқу-жаттығудың түпкі ниеті бойынша Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымының елдерінің біріне өңірдегі жағдайды тұрақсыздандыру мақсатында заңсыз қарулы құралымдар баса көктеп кірді. Ал Ұжымдық жедел ден қою Біріккен штабы ұлттық қарулы күштерге көмек көрсету үшін ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің әскери контингенттерін қолдануға шешім қабылдады.

Оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін Тәжікстан Республикасына арнайы операциялар күштерінің бөлімшелері алмастырылды және майдандық пен әскери-көлік авиациясының 15 ұшағы тартылды. Жауынгерлік тапсырмаларды алғаннан кейін топ командирлері қойылған тапсырмаларды орындауға шешім қабылдады және кірісті. ҚР ҚК Арнайы операциялар күштерінің бөлімшелері шығуы қиын таулы аудандарда қондыру тәсілімен десанттауды жасауды және шартты қарсыласты оқшаулады. Қазақстан ӘӘК майдандық авиациясы содырдардың жиналатын, заңсыз қарулы құралымдардың техникасы мен қару-жарағының шоғырланатын жерлерін белгілейтін межелер арқылы дәл зымыран-бомбалық соққылар жасады.

 Осы әрекеттермен содырлардың жақын маңдағы резервтері олардың негізгі күштерінен ажыратылды. Бұл басты соққы бағытында Тәжікстан Қарулы Күштері батальондық тактикалық топтарының жауынгерлік тапсырмаларының сәтті орындалуын қамтамасыз етті. Тәжікстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Шерәлі Мирзо жабылу салтанатында оқу-жаттығудың барлық қатысушыларына жоғары баға берді. Ал оқу-жаттығудың жетекшісі РФ ҚК Орталық әскери округі әскерлерінің қолбасшысы генерал-полковник Владимир Зарудницкий оқу-жаттығудың барлық кезеңдерінде көпұлттық әскери контингенттің іс-қимылдарының нақтылығы мен үйлесімділігін атап өтті. Үздік әскери қызметшілер медальдармен, бағалы сыйлықтар және грамоталармен марапатталды. Еліміздің Қарулы Күштерінің жауынгерлері кезекті рет өздерінің жоғары жауынгерлік машықтары мен кәсіпқойлықтарын паш етті. Бұл Елбасымен айқындалған әскеріміздің дұрыс бағыттағы даму жолын білдіреді және Қорғаныс министрімен іске асырылуда, - деді оқу-жаттығудың қорытындысын шығара отырып, Қазақстан Республикасынан әскери контингентті басқарған ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Әділбек Алдабергенов.

Соңғы жаңалықтар