Қоғам 20.11.2017 сағат 11:50  983

Елімізде әскери борышын өтеген 5 мыңнан астам сарбаз запасқа шығарылды

Жыл  сайын еліміздің Қарулы күштерінің қатары мыңдаған жас сарбазбен толығып жатады. Отан алдындағы қасиетті борышын өтеу үшін еліміздің барлық аймағынан «тепсе темір үзетін» жас жігіттер әскер сапына алынып, бір жыл бойы әскери өнердің қыр-сырын меңгереді. Ал, осы бір жылдық мерзім аяқталған соң бұл сарбаздардың барлығы да әскери билеттерін алып, запастағы жауынгер атанады.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Осыған орай, ҚР Қарулы күштерінің барлық түрлері мен әскер тектерінен заңда белгіленген мерзімді өткерген 2016 жылғы күзгі шақырылымның 5 мыңнан аса мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі запасқа босатылуға жатады.

ҚР ҚК-нің әскери бөлімдерінде әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді босату бойынша жауынгерлік тумен қоштасу рәсімін өткізе отырып, салтанатты шаралар өтуде. Бір жыл бойы әскери қызметшілер әскери мамандықтарды меңгеріп, жауынгерлік даярлықта елеулі нәтижелерге қол жеткізді, іс жүзінде бірнеше мәрте жоғары жауынгерлік машықтарын паш етті. Қызметтік міндеттерін адал орындағаны, үлгілі әскери тәртібі, жауынгерлік және дене даярлықтағы жоғары көрсеткіштері үшін әскери қызметшілер грамоталармен, алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бірқатар әскери қызметшілерге кезекті әскери атақ берілді. «Бүгінде біз есейген, моральдық және дене тұрғысында нығайған сарбаздарды көріп отырмыз. Әскери сапта өткізген уақыт ішінде олардың әрқайсысы әскери мамандықты шебер меңгеру үшін біршама күш салды, еліміздің қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз етуге өзінің еңбегін, жан дүниесінің бір бөлшегін қосты. Атқыш оқшашаршылар, байланысшылар мен басқарылаты қару-жарақ кешендерінің көздеуші операторлары, гранатаатқыштар, саперлар – осынау барлық мамандықтарды сарбаздар әскердегі бір жылғы қызмет ішінде игеріп алды. Бұл уақыт аралығында жинақталған дағды жұмыс іздеу, жоғары оқу орындарына түсу кезінде жұмысты жеңілдететініне, ал көбісі үшін өзінің өмірін Қарулы Күштермен байланыстыру үшін ынталандыру болатынына сенімдімін», - деді ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Дулат Адырбеков. «Бір жыл мен үшін нәтижелі болды.

Көптеген керемет күндерді біз Отанға қызмет етудегі ортақ ісіміздің үлкен жолы арқылы бірге адымдап өттік. Барлығы болды. Алғашқы күндердегі қиындықтар, үйді сағыну, ұжымға үйрену, жеңістер мен қуаныш. Алда жаңа өмір, әсерлер мен тәжірибе. Мұнда осы әскери бөлімде мен өзімнің жан дүниемнің бір бөлшегін қалдырамын. 27943 әскери бөлімінің қолбасшылығына қиын-қыстау сәттерде менің жанымда болып, көмек беріп, оқытып, сөзбен және іспен қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін. Әскер мінезді шынықтырады. Мен барлық әскери қызметшілерге өздерінің мерзімдерін абыроймен атқарып, үйлеріне нағыз азамат болып оралуларын тілеймін!», деп мерзімді қызметтегі әскери қызметші қатардағы жауныгер Әділет Оңғарбай алған әсерлерімен бөлісуде. – ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері сеніп тапсырылған қару-жарақты, әскери техника мен мүлікті басқаруды кәсіби тұрғыда меңгере отырып, әртүрлі ауқымдағы өткізілетін тактикалық оқу-жаттығулар барысында жақсы дайындыққа қол жеткізді.

«Мерзімді қызмет барысында әскери қызметшілер есейіп, кез келген сәтте Отанды қорғауға қабілетті нағыз «аспан сақшыларына» айналды. Сендерге өмірлерінде сәттілік, сондай-ақ қазақстандық әскердің жауынгері атағын абыроймен алып жүрулерінді тілейміз!», - деді өзінің сөз сөйлеуінде ҚР ҚК ӘҚК әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Серік Ысмайылов. Біз қызметімізді жылулық және жақсы әсерлермен еске алып отырамыз. Біздің әскери бөлім баршамыз үшін туған үйіміздей болып кетті. Бізді оқытып, тәрбие берген, бұл жолдан өтуге қолұшын беріп, уайымдаған баршаларыңызға алғыс білдіреміз, - деп 44813 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Қуандық Мұхаммедәли алған әсерімен бөлісті. Әскери-теңіз күштерінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерін салтанатты түрде ҚР ҚК ӘТК корабльдерінің басты тұрағының әскери-теңіз пирсында шығарып салды. «Матрос – ең алдымен, өзінің Отанының қорғаушысы ғана емес, сонымен бірге, үлкен Әскери-теңіз отбасымыздың бір мүшесі. Біз бөліміміздің әрбір әскери қызметшісін еске алып отырамыз және қайта қауышуға қуанышты боламыз. Әскери қызметшілеріміз батыл, моральдық қасиеттері жоғары, берік және тәртіпті екендеріне көзіміз әбден жетті. Бір жыл бойы әр матрос білім мен машықты толық игеріп, оны іс жүзінде бекітті», - деді 29011 әскери бөлімінің командирі 1-дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков. «Мен керемет әсер алдым. Бұл ер азамат үшін өмірдегі күрделі кезең. Корабльде қызмет еткенімізге жолымыз болды. Иранды болып қайттық. Сәл де болса әлемді шарладық. Мен келісімшарт бойынша қызмет етуді ойлап жүрмін», - деді аға матрос Алексей Егоров. Бүгінгі күні 4000-ға жуық мерзімді қызметтегі әскери қызметші запасқа босатылды. Запасқа шығару ағымдағы жылғы қарашада аяқталады.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар