Қоғам 14.11.2017 сағат 10:30  343

Астанада денсаулық сақтау саласының мамандары қант диабетімен күрес мәселелерін талқылады

Қант диабеті қазіргі таңда ең тез таралып келе жатқан аурудың түрі. Бұл дертке шалдыққандар қатары әлемде жыл сайын еселеп өсіп барады. Тіпті, денсаулық сақтау саласының мамандары болашақта қант диабетінен көз жұматындар саны жүрек-қан тамырлары ауруларынан қайтыс болатындар санынан асып түсуі мүмкін деген болжамдарын да айтуда.

Аталған індетпен күресті Қазақстанның дәрігерлері мен денсаулық сақтау саласының мамандары да жүргізіп келеді. Жыл сайын елде «Денсаулық» апталықтары мен айлықтары ұйымдастырылып, тұрғындарға диабеттен сақтанудың жолдары түсіндіріледі. Сондай-ақ, кез-келген аурухана мен емханада ағзадағы қант мөлшерін өлшеу тегін жүргізіледі. Бұл ауруға шалдыққандарға да медициналық көмек мемлекет есебінен жүргізілуде.

Бұл шаралардан бөлек Денсаулық сақтау министрлігі мен өңірлік басқармалары түрлі бас қосулар өткізіп, қант диабетіне қарсы күрес жайын талқылап келеді. Осындай басқосулардың бірі бүгін Астанада Денсаулық сақтау министрінің қатысуымен өтті.

Дөңгелек үстел ыорматындағы шара Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні және «Назар аударыңыз: Диабеттен сақтаныңыз!» халықаралық жобасының аяқталуы шеңберінде ҚР Парламенті Мәжілісінің денсаулық сақтау бағыты бойынша партиялық комиссия мүшелерінің, министрліктердің, ведомстволар мен бизнес-құрылымдар өкілдерінің қатысуымен «Қант диабеті және қоғам» тақырыбында өтті.

Іс-шараны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Диабет ағартушылық қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр.

Дөңгелек үстелде қант диабеті профилактикасының шараларын жетілдіру, ерте айқындау, қант диабетімен ауыратын науқастарды тиімді емдеу бойынша бір қатар мәселелер талқыланды.

Жиналғандардың алдында сөз сөйле отырып, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2016 жылғы қарашада Денсаулық сақтау министрлігі 2017 жылға арналған эндокринологиялық қызметті жетілдіру бойынша жол картасы бекіттілгенің атап өтті. Басымдықтардың бірі «Қант диабеті» Ұлттық тіркелімі» ақпараттық жүйесін жетілдіру болып табылады. Бүгінгі күні пациенттің электрондық картасына дене массасының индексі, гликирлі гемоглобин, креатинин деңгейі, кардиолог, нефролог, офтальмолог, ангихирург мамандардың қарап-тексеруі кіреді. Жол картасын іске асыру қант диабеті бар пациенттердің арасында өлім себебіне талдау жүргізуге, түйінді индикаторлар бойынша мониторинг, қолданыстағы емдеу стандарттарын бағалауға, дәрілік препараттардың жылдық сатып алу жоспарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«2017 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 1 және 2 типті қант диабеті бар пациенттердің қанындағы глюкозаны айқындау үшін тест-жолақтармен қамтамасыз ету ұлғайтылды. Бұдан басқа, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету тізіміне қантты төмендететін заманауи препарат: Канаглифлозин және Линаглиптин  енгізілді», - деп атап өтті Елжан Біртанов.

Ол 5 жыл бойы балалар мен жасөспірімдердің 1 типті қант диабетін емдеудің заманауи әдістерін енгізу бойынша жоба табысты іске асырылуда (помпалы инсулин терапиясы). 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге 1426 инсулин помпасы орнатылды.

Бұдан басқа, пациенттерді өз денсаулығына ортақ жауапкершілікке тарту және созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқару жөніндегі менеджментті енгізу мақсатында Ауруларды басқару тұжырымдамасы әзірленді. Аталған жоба қант диабеті, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек функциясының жетіспеушілігі сияқты әлеуметтік мәні бар аурулардың менеджментін қамтиды.

Анықтама үшін: Қант диабеті бүкіл әлемде ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің бірінші қатардағы басымдығы болып табылады. Осы аурудың қарқынды таралуын есепке ала отырып, ДДҰ сарапшылары қант диабетімен ауыратын науқастардың саны 2040 жылға қарай 1,5 есеге өсетінін болжап отыр. 2 типті диабеттің дамуы дененің артық салмағына, жоғары калориялы тағамды тұтынумен және қозғалысы аз өмірмен байланысты екені белгілі. ҚД Ұлттық тіркелімінің 2017 жылғы 1 қазандағы деректері бойынша 307824 адам тіркелген, оның 1,7%-ы халықтың орташа жылдық санын құрайды. 18 жастан жоғары ересектердің арасында 2 типті ҚД таралуы 2,36%-ды құрайды. Денсаулық сақтау жүйесінде балалар эндокринологтарын қоса алғанда 810 эндокринолог жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар