Қоғам 15.11.2017 сағат 07:47  2669

Қазақстанда Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны басталды

«Жиырмасыншы ғасырдың обасы» аталып кеткен ЖИТС пен АИТВ індеттері әліге дейін ілем ғалымдарының басауруына айналып отырғаны белгілі. Иммун тапшылығына қарсы қанша күрес жүргізсе де оның шипасын әлі таба алмай келеді. Иә, өткен ғасырдың орта тұсындағыдай емес, қазір аурудың таралу қарқыны сейілді. Адамдар арасында түсіндіру шаралары, алдын алу шаралары кеңінен жүргізіліп, СПИД-ке шалдығатындар саны азайып отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Дегенмен, дерттің емі әлі табылған жоқ. Ал, ол табылғанша әлем елдері СПИД және ВИЧ індетімен өдерінше күресті жалғастыруда. Сол елдердің қатарында Қазақстан да бар. Өйткені, біздің елде де аты жаман ауруды жұқтырғандар аз емес. Сондықтан жыл сайын республика аумағында ЖИТС пен АИТВ-ке қарсы айлықтар өтіп отырады.

Мәселен, бүгін республика аумағында «Менің денсаулығым, менің құқығым» атты ұранмен Дүниежізілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны басталды. Ол барлық азаматтардың, оның ішінде АИТВ-мен өмір сүретін және АИТВ-инфекциясының эпидемиясына шалдыққан адамдардың денсаулығын сақтауға құқығын түсіндіруге арналған.

«Әрбір адамның денсаулығын сақтауға құқығы бар. Бұл әрбір адамның кемсітушіліксіз білікті медициналық көмек алуға мүмкіндігі бар деген сөз. Денсаулыққа құқық дүниежүзілік науқаны – сапалы медициналық көмекке және дәрілік препараттарға кепілдендірілген қолжетімділік екендігін еске салуға шақырады. Біздің пациенттер – АИТВ-мен өмір сүретін адамдар – үнемі осы құқықты пайдалана алу үшін барлық мүмкіндіктер жасауға тырысамыз, - дейді ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықтың бас директоры Бауыржан Байсеркин.

Науқан 15 қарашадан 15 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл күндері еліміздің барлық қалаларында денсаулыққа құқық проблемасына көңіл аударуға бағытталған акциялар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, флешмобтар және басқа да іс-шаралар өтеді. Аймақтық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтар ашық есік күндерін өткізеді, медиктер АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен одан қорғану шаралары туралы айтады.

Іс-шаралар барысында ЖИТС орталықтарының мобильдік зертханалары жұмыс істейтін болады, мұнда әрбір адам қалауынша экспресс-тестілеу әдісімен өзінің АИТВ-мәртебесін біле алады. Тестілеу тегін, жасырын және құпия өтеді, медицина қызметкерлері  кеңес береді. Акциялар студенттер мен бизнес-құрылымдардың қызметкерлері арасында «АИТВ-ға тестілеуден өт» деген экспресс – тестілеумен өтеді.

Алматы қаласы С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-мен бірлесіп, «АИТВ саласында қоғамдық денсаулық сақтау танымын оқыту және зерттеу» тақырыбында дәрігерлер үшін семинар және халықаралық қатысумен «Антиретровирусты терапия фокусы» тақырыбында мастер-класс өткізу жоспалануда.

Дүниежүзілік науқан өткізу бойынша ЖИТС РО және аймақтық ЖИТС орталықтары серіктестерінің қатарында – ЮНЭЙДС, ЖИТС-ке, туберкулезге және безгекке қарсы күресу ғаламдық қоры, ЮСАИД, Қазақстандық АИТВ-мен өмір сүретін адамдар одағы, Орталық-Азиялық АИТВ-мен өмір сүретін адамдар қауымдастықтары, денсаулық сақтау басқармалары және т.б.бар.

Дүниежүзілік науқанның өзектілігі – дүние жүзіндегі АИТВ-инфекциясы эпидемиясының даму үрдісіне  ерекше көңіл аударуында. ЮНЭЙДС деректері бойынша, алдағы жылдары жаңа АИТВ жағдайының артуы Шығыс  Еуропа және Орталық Азия елдерінде тіркелетін болады. Бұл үрдіс біздің елде де байқалады. Қазақстанда бүгінгі таңда АИТВ-мен өмір сүретін 20 556 адам тіркелген. Соңғы бес жыл ішінде бұл сан 1,5 есеге ұлғайды, бұл ретте жыныстық берілу жолының артуында тұрақты үрдіс байқалады. Соңғы он жылда АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өлімі 2,5 есеге қысқарды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 80%-ы ЖИТС-тен емес, үйлескен АИТВ-инфекциясынан қайтыс болады. ЖИТС қызметінің соңғы он жыл ішінде жеткен басқа да жетістігі анадан балаға АИТВ-инфекциясының берілу деңгейі төрт есеге төмендегені болды. АИТВ-инфекциясы бар жүкті әйелдер 98%-да дені сау баланы туады. Елімізде тестілеудің қолжетімділігін арттыру мақсатында аймақтық ЖИТС орталықтарынан үкіметтік емес секторға экспресс-тестілеуді біртіндеп беру процесі басталды.

Қазіргі таңда көптеген әлемдік тұрақты даму мақсаты денсаулыққа байланысты. ЖИТС эпидемиясының тоқтауын қоса алғанда, тұрақты даму мақсаты, 2030 жылға қарай қоғамдық денсаулық сақтау саласы үшін қауіп-қатер ретінде, едәуір дәрежеде денсаулыққа құқықты қамтамасыз етуге байланысты болады.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар