Қоғам 14.11.2017 сағат 10:37  412

Таразда академик К.Скрябиннің музей-үйі қайта ашылды

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Таразда академик-ғалым, биолог Константин Скрябиннің музей-үйінің салтанатты ашылуы болып өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері, профессорлар мен қала тұрғындары жиналды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Константин Скрябин белгілі биолог, гельминтология ғылымының негізін қалаушы, 4 академияның академигі. 200-ден аса гелминттердің түрін ашып, ғылыми негіздеме мен түсінік енгізген. Сол ғылыми еңбектерінің негізі дәл осы Әулиата өңірінде қаланған.

Бұл өңірге 1907 жылы көшіп келіп,4 жыл тұрақтаған. Мал дәрігері болып жұмыс істеп, ветеренария саласының дамуына сүбелі үлесін қосқан. Осында жүріп жинаған тәжірибесі мен қоры мол гельментологиялық коллекциялары оның келешектегі диссертациялық жұмысын қорғауға, одан әрі Бүкілодақтық гельминтология институтының Орталық гельминтология музейін құруға негіз болды. Ғалымның Әулиатадағы тұрған үйі 1962 жылы музей болып ашылған. Сөйтіп, өткен ғасырдың 90 жылдары апаттық жағдайына байланысты жабылған. Енді міне, араға ұзақ жылдар салып Жамбыл облысы әкімінің қолдауымен ғимарат қайта жөнделіп, пайдалауға берілді.

«Көптен бері есігі жабық тұрған академик Скрябиннің музейінің бүгін салтанатты ашылу рәсіміне қош келдіңіздер. Біз мұндй тұлғалармен мақтанамыз. Ол бізге үлкен өнеге», - деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов.

Ол өзінің ғылыми жолы осы өңірден бастау алатынын ешқашан ұмытқан емес. Үлкен еңбектерінде жазып қалдырған. Ол – Әулиеата біздің еліміздегі гельминтология ғылымының тұңғыш туған жері деп санауымызға болады - деген.

«Жергілікті әкімшілікке үлкен рахмет. Осындай ғалымның еңбегін бағалап, тұрған үйін қайта қалпына келтіріп, бүгін міне салтанатты түрде қайта ашылып жатыр. Бұл да біздің өміріміздегі Рухани жаңғыру десек те болады. Өйткені бұл кісінің ілімі осы күнге дейін бүкіл әлем мойындаған», - дейді Медицина ғылымдарының докторы, профессор Сағындық Ордабеков.

Іс-шара барысында, көпшілік назарына музейдің қайта жасақталған экспозициялары ұсынылып, өмірінің қызықты сәтінен үзінді ретінде қойылым көрсетілді. Жалпы, музей 3 үлкен бөлімнен тұрады. Онда ғалымның қызметімен, өмірімен байланысты жеке заттары және құжаттары орналасқан.

Мұнда қойылған ең құнды мұралардың бірі әлемдік ғылымның алтын қорына енген академиктіңеңбектері мен антигельминттердің препараттар үлгілерінің стэнді. Ал, осы жәдігерлермен жақынырақ танысып, толық ақпар алғысы келетіндер үшін музей аптасына 7 күн үзіліссіз жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар