Қоғам 07.11.2017 сағат 11:14  252

Жамбыл облысында «Рухыңды ұлықта» акциясы басталды

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасының бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру барысында жамбылдықтар тағы бір іс-шараны қолға алды. Облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама сондай-ақ, Жастар саясаты мәселелері басқармалары бірлесіп, «Рухыңды ұлықта» атты акция ұйымдастырды. Айтулы шараның бүгін салтанатты ашылуы болып, қатысушылар алғашқы сапарына жол тартты.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Акцияның Жамбыл атындағы руханият орталығында өтуінің өзіндік мәні бар. Себебі атанғалы тұрған ақпараттық-насихаттық топтың қызметі – облыстың шалғай елдімекендеріне руханият орталығы турасында мағлұмат беріп, оның қызметімен таныстыру болып табылады. Сонымен қатар, жұртшылықтың санасын рухани жаңғырту, өскелең ұрпақты патриоттылыққа тәрбиелеу. Өзекті мәселе – рухани мұраны дәріптеп, жалпыұлттық қызығушылықты ояту.

«Жалпы бұл акцияның ұйымдастырылуы – алыстағы ағайындардың қоғамда орын алып жатқан өзекті мәселелерден құлағдар ету. Рухани жаңғыру ісіне атсалыстыру, олардың көзқарасын тыңдап, пікірімен санасу болып табылады. Сондықтан маңызды мәселені арқау еткен акцияның сапарына сәт-сапар тілейміз», - дейді Жамбыл облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев

Науқан қарашаның 7-нен 13-не дейін жалғасады. Насихаттық топ құрамында руханият орталығы, кино орталығы, филолог-ғалым, ақын және жастар өкілдері бар. Олар бағдарламалық мақаладан туындайтын  міндеттемелер бойынша түрлі тақырыпта баяндамалар оқып, орталыққа онлайн түрде саяхат жасалады. Сондай-ақ, жергілікті жердегі тұрғындардың ой-пікіріне құлақ түріп, аудандардың тынысымен танысу.

Жолға шыққан акцияның алғашқы аялдамасы Байзақ ауданына келіп жетті. Мұнда зиялы қауым өкілдері аудан тұрғындары және белсенді жастармен кездесті. Алдымен Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «Руханият» орталығының таныстыру презентациясы да өткізілді. Басты мақсат халық арасында рухани мұраны дәріптеуге қызығушылық туғызу. Акция барысында қатысушыларға өз тарапынан құнды сирек кездесетін кітаптар орталық кітапханасына өткізуге үндеу тасталды.

«Бүгін ауданымызда акция өтілуде. Осы акцияға арнайы өзіміз жастар ісінің маманы болғандықтан келіп қатысып өзімізге деректі, керекті ақпарат мәліметімізді толық меңгеру үшін қазір қатысып көріп куәгері болып отырмыз. Бұл мақаланы кең көлемде қай жерде, қай саланың маманы болсын аудандық округтерде қызмет атқарып жатқаннан кейін, әсіресе жастар арасында кең насихаттау әрбір азаматтық тікелей міндетіміз деп білемін», - дейді аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Көпжасар Өтелбаев.

Сонымен қатар халық арасынан ескірген мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер де ел аузынан жазылып, жинақталатын болады. Осылайша ұйымдастырушылар 7 күн ішінде 10 ауданды толығымен қамтимыз деп жоспарлауда.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар