Қоғам 15.11.2017 сағат 04:36  355

Алматылық жүргізушілер айыппұл ретінде бюджетке 2,2 млрд теңге құйған

Алматыда биыл жыл басынан бері жергілікті полиция қызметінің өкілдері жүргізушілерге 2 млрд 507 млн 125 мың теңгенің көлемінде айыппұл салған. Оның 2,2 млрд теңгесін ереже бұзғандар төлеп үлгеріпті. Бұл туралы Алматы қалалық Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов мәлімдеді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оның айтуынша, қаладағы жол ережелерін бұзу деректерінің 20 пайызы өзге өңірлерден келген автокөліктерге тиесілі екен.

«Тіркелетін тәртіп бұзушылардың 20 пайыздан астамы қала қонақтары және қалаға алыстан қатынайтын Алматы облысының тұрғындары. Қоғамдағы тәртіп бұзушыларға мерзімді айыппұл салынып, қатаң ескертулер жасалынады. Нақтырақ айтқанда, бүгінге дейін оларға 2 млрд. 507 млн. 125 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Оның ішінде 2 млрд 255 млн 655 мың теңге төленген, пайыздық есеппен - 89,97%. Жол-көлік апаттарын болдырмау мақсатында жыл басынан бері “Автобус”, “Нөмірлік белгі”, “Қауіпсіз жол”, “Қарсы бағыт”, “Жаяу жүргінші”, “Жаяу жүргіншілерге арналған жол”, “Мүгедек-Тұрағы”, “ЖЖЕ бұзу дөрекі кемшіліктерінің алдын алу” және т.б. алдын алу іс-шаралары атқарылған», - дейді ЖПҚ басшысы.

Оның айтуынша, қолға алынған осынау шаралар нәтижесінде жолдағы заңсыздықтардың саны да қысқарыпты.

«2017 жылдың оныншы айында қабылданған шаралар нәтижесінде қоғамдық орындар мен көшелерде қылмыс жасау саны азайған. Сондай-ақ,  бейнебақылау камераларының арқасында әкімшілік құқықбұзушылықтардың анықталуы да оңайлана түсті. Қылмысты  ашу барысында қатысу көрсеткіштері жақсарлып, полиция кешенді күштерімен 14,4% (8596-дан  9831-ге дейін), оның ішінде жол-патрульдік полициясы саптық бөліністерімен 6,4% (5944-тен 6326-ға дейін) көрсеткіштер анықталған. Қабылданған әрекетті шаралармен қала көшелеріндегі жағдай тұрақтанып, жол-көлік апаты салдарынан зардап шеккендердің саны 2,5 % (4334-тен 4224-ке дейін) азайды. Алайда, жол апатынан қайтыс боғандардың саны 21,5% (135-тен 106-ға дейін) өсіп отыр. Жарақат алғандар саны 3,3 % (5214-тен 5040-қа дейін) төмендеген. Жол апатына алып келетін жол жүру ережесін бұзушылықтары ұдайы түрде жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне бағытталып тұрады. Ағымдағы жылдың 10 айында ЖЖЕ бұзу 4,9% (296894-тен 311394-ке дейін) артқан, оның ішінде, мас күйде көлік құралдарын басқарғандар саны 1,7 % (1834-тен 1865-ке дейін) өсіп отыр. Әкімшілік жауапкершілікке 297 798 жүргізуші тартылған (2016 жылы - 284 116), оның ішінде көлік құралдарын басқару құқығынан сот шешімі бойынша  4 295 (2016 жылы-3781) жүргізуші айрылған. Әкімшілк тұтқындау 74 (2016 жылы - 96) жүргізушіге қолданған», - дейді Ж.Байкенов.

Айта кетейік, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 32-қадамында Мемлекет басшысы Бас прокуратураға мүдделі органдармен (ІІМ, ИДМ, Қаржы министрлігі, ҰЭМ) бірлесіп, «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет-порталын құруды тапсырған болатын. Ұлттық ақпараттық интернет-портал құқық қорғау органдарының жұмысын жеңілдетіп, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыра түспек.

«Алматы қаласының ІІД бөліністерімен геоақпараттық карталарын қолдану арқылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі кешенді күштер мен құралдар жұмысында 32 патрульдеу бағытына қылмыстық ахуалды ескере отырып, өзгертулер енгізілді. Сондай-ақ, көп қылмыс және құқық бұзушылық тіркелген көше, аула, үйлер анықталып, алдын-алу шараларын қабылдауда. Анықталған фактілер  бейнекамералар орнату, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі күш құралдарды күшейту мен қоғамдық көмекшілерді тарту барысында белгілі болды. Сондай-ақ, порталдың көмегімен апатты көше аумақтары анықталып, алдын-алу шаралары қарастырылды. Мысалы, учаскелік полиция инспекторы құжаттар жинау мақсатында анықтама алуға емханаға сұрау жасай алады. Карта арқылы қызмет ететін аумақтағы криминогендік ахуалды (кезекші бөлімнен хабар алмай-ақ,) біліп отырады», - дейді Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшысы.

Айымхан Әмірбекқызы

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар