Қоғам 09.11.2017 сағат 10:50  402

Алматыда қаланың тұрғын үй қорын күтіп ұстау және жаңғырту мәселелері талқыланды

Бүгінгі таңда қала тіршілігіндегі ең қауырт жұмыстардың бірін пәтер иелеренің кооперативі (ПИК) атқарып келеді. Еліміздегі ірі қалаларда ПИК төңірегінде даулар жиі болып жатады. Дегенмен, осындай дау-дамайлар мен сыннан кейін ПИК жұмыстары біршама қалыпқа келді. Енді қазіргі міндетқалалардағы тұрғын үй қорын күтіп ұстау, ТКШ бағдарламасы аясында ескі үйлерді жаңғырту. Бұл ретте тағы сол ПИК-тердің жұмысы маңызды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Осы орайда Алматыда тұрғын үй қорын күтіп ұстау және жаңғырту бойынша кеңес өтті. Кездесуге Алматы қаласы әкімдігінің басшылары, аудан әкімдері, «Алматы қаласының даму орталығы» АҚ, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестің мүшелері, пәтер иелерінің кооперативтері және ПИК қауымдастығының өкілдері қатысты.

- Алматы қаласының даму орталығы әкімдіктің жобалық офисі болып табылады, ол пәтер иелерінің кооперативтері қызметін автоматтандыруға, тұрғын үй қызметтерінің сапасын жақсартуға, меншік иелерінің шешімдерін жеделдетуге және тұрғын үйді басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған «Электронды ПИК» жобасын жүзеге асыруда, - деді Алматы қаласы Даму орталығының басқарма төрайымы Жанна Төлегенова.

Сондай-ақ, Алматыда Тұрғын үй басқармасының тұрғын үй басқармасының порталы мен бірнеше жекеменшік порталдар (Topksk, e-Home) жұмыс істеп тұр. Тұрғын үйді басқару порталы көп функциялы. Мәселен, ПИК картасын көруге, кері байланыс жасауға, талқылауға арналған құжаттардың жобалары орналастырылады.

Қазір ПИК тіркеу, ПИК төлқұжаттарын қалыптастыру, тұрғын үй салу, функционалды жұмыстарды аяқтау бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Біртұтас алаңды іске қосу 2018 жылдың бірінші жартысында жоспарланған.

- «Электронды ПИК» жобасы - ПИК-нің таза жұмысы, тұрғындардың сенім мен алғысы. Адамдар үйде отырып онлайн-кеңестер ала алады.  Өтініштер бойынша қызметтерді жылдам ала алады, егер жұмысқа шағымдар болса, сапаны бағалайтын болса, ПИК өз жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік береді. Яғни олар ПИК бюджетін қалыптастыра алады және қызмет көрсету шығындарының мөлшерін автоматты түрде енгізе алады, - дейді Жанна Төлегенова.

Айта кетейік, жоба әлеуметтік және экономикалық тиімділікті ғана емес, сонымен қатар, уақытты және еңбекті оңтайландыруға жағдай жасайды.

Естеріңізге салсақ, көпқабатты үйлерді басқару жүйесін оңтайландырудың 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы өзекті мәселенің шешімін табуды көздейді.

Бағдарламаға сәйкес, қазіргі таңда көп қабатты үйлерді басқару үшін өзін-өзі басқару жобасы ұсынуда. Әр көп қабатты үй өздері «үй иелері бірлестігін» құрып, үй төрағасын сайлай отырып, үйді басқаруға басқарушы компанияны таңдауға құқылы. Жоба аясында тұрғындар үйді басқаратын компанияларды таңдап, сол қызмет арқылы үй қорын жаңғыртуға мүмкіндігі бар. Яғни, жаңа жүйе бойынша әрбір пәтер иелерінің бірлестігі тарапынан жеке шот ашылуы тиіс. Ондағы атқарылатын, үйлерді күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру басқарушы компания жүзеге асырады. Қазіргі таңда мұндай тәжірибе елімізде Астана мен Алматы қалаларында сәтті жүзеге асуда.

Ақбота Мұсабекқызы

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар