Қоғам 22.11.2017 сағат 10:24  564

Алматыда колледж студенттеріне «Рухани жаңғырудың» маңыздылығы түсіндірілуде

Алматы қаласы Бостандық ауданында Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген жоспарлар мен басым бағыттарды нақты қолдану мен терең талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Дөңгелек үстел жұмысына «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Қайрат Есембаев және колледждің оқытушылар құрамы мен белсенді студенттері қатысты.

Шараны Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінің директоры Камал Жамангөзов құттықтау сөзімен ашып, жүргізіп отырды.

- Елбасының бағдарламалық мақаласы – қазіргі таңда әрбір қазақстандық үшін құнды әрі ел болашағының аса маңызды бағыт-бағдарын белгілейтін құжат екені белгілі. Сондықтан да бәріміз осы дөңгелек үстел басына жиналып отырмыз. Мемлекеттік тапсырмалар мен бағдарламалар біз үшін маңызды әрі біздің болашағымыз екеніне сенемін, - деді Камал Жамангөзов.

Осы орайда аталмыш колледждің оқытушылары да түрлі тақырыптарда баяндамалар қорғап, жастарға «Рухани жаңғырудың» маңыздылығын түсіндіруге тырысты.

Өз кезегінде Қайрат Байғалиұлы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген міндеттердің маңыздылығы мен өзектілігіне кеңірек тоқталды.

- Меніңше, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы Ұлттық сана құндылығының заманауи әрі рухани жаңғырығына айналуы қажет. Ол үшін дәл осылай жастармен тығыз түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тәрбиелік мәні бар шараларды ұйымдастырудың маңызы өте зор деп ойлаймын. Бұл бағала тұтас бір мемлекеттің болашағына қатысты болғандықтан, дүрегі елім деп соққан әрбір азаматтың бей-жай қарамасына сенемін, - деді «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Қайрат Есембаев.

Айта кетейік, биыл сәуір айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласын жариялаған болатын. Онда Елбасы Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына енуі үшін жасалуы тиіс шараларды тапсырма ретінде тізбектеп шыққан. Ең басты мақсат - қоғамдық сананы жаңғырту, сол арқылы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Осы мақсатқа жету үшін Президент 6 басым бағытты көрсеткен.

Ақбота Мұсабекқызы

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар