Қоғам 08.11.2017 сағат 13:40  7579

Рухани жаңғыру – жастардың болашаққа бастар жарқын жолы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде Алматыдағы колледж оқушылары арасында «Еркін пікір» тақырыбында пікір алмасу жиыны өтті.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Аталмыш шараны «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы, сондай-ақ, Алматы заң колледжінің бастауыш партия ұйымы мен «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырған.

– Шара партияның «Жастар – Отанға!» атты жобасы аясында, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының Саяси кеңес бюро мүшесі, «Игілік» журналының бас редакторы, ҚР Журналистер одағының мүшесі Меруерт Әйтенованың қатысуымен өтті. Негізгі мақсатымыз рухани жаңғыруды сипаттау, жастардың бойында ұлттық сананы ояту, туған жері мен халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру, - дейді партия мүшелері.

«Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшелері Елбасы ұсынған жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағыты бойынша, атап айтқанда, «Бәсекелік қабілеттілік», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» және «Сананың ашықтығы» бағыттары бойынша баяндама жасады.

– Әсерлі өткен пікір алмасуда жастардың туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктері мейлінше арта түсті. Олар рухани жаңғырудың адам сана-сезімінің, сенімі мен сапасының, білімі мен өмір сүру тәсілінің көрсеткіші, жастардың болашаққа бастар жарқын жолы екендігін жақсы түсінді. Болашақты жаңғырту үшін бәсекеге қабілетті болумен бірге руханият пен мәдениет, экономикалық сауаттылық пен білім, сандық сана керектігін терең ұғынды, - дейді ҚР Журналистер Одағының мүшесі Меруерт Әйтенова.

Еске салайық, биыл сәуір айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласын жариялаған болатын. Онда Елбасы Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына енуі үшін жасалуы тиіс шараларды тапсырма ретінде тізбектеп шыққан. Ең басты мақсат - қоғамдық сананы жаңғырту, сол арқылы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Осы мақсатқа жету үшін Президент 6 басым бағытты көрсеткен. Олардың өзі бірнеше мемлекеттік бағдарламадан тұрады. Олардың қатарында "Туған жер", "100 жаңа есім", "Қазақстанның киелі жерлерінің картасы" сынды бағдарламалар бар. Сонымен қатар, Елбасы қазақ тілі латын әліпбиіне кешіктірмей көшіруді де осы мақаласында үкіметке тапсырды.

Ақбота Мұсабекқызы

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар