Қоғам 21.11.2017 сағат 09:56  3947

Алматыда «Рухани жаңғыру – заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Алматыда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында, мұғалімдердің қатысуымен «Рухани жаңғыру – заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шараны «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалының және № 6 мектеп-гимназиясы бастауыш партия ұйымы ұйымдастырып отыр.

Қоғамдық сананы жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған іс-шара барысында партия мүшесі, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Роза Досанова Елбасы мақаласындағы бағдарламалар, міндеттер мен жобалардың өзектілігіне тоқталды.

- Қоғам да, мемлекет те, азаматтардың ой-санасы да үшінші жаңғыруды бастан өткеріп отыр. Елбасымыздың ұлттық кодымызды сақтап қалу жөніндегі тұжырымдарының, «Қазіргі жаһандық әлемдегі қазақстандық мәдениет», «Туған жер» бағдарламаларының айрықша маңызға ие. Патриоттық тәрбие мен азаматтық белсенділікті, рухани құндылықтарды дамытуға бағытталған бағдарламалар мен Елбасы тұжырымдарының ел болашағы үшін оң әсерін тигізеді. Қазақстандық қоғамның мәдени өсуі мен рухани-адамгершілік жаңғыруға қол жеткізудің негізгі құралы – қоғамдық сананы жаңғырту болып табылады, - деді Роза Досанова.

Сондай-ақ, ол әріптестерін жаңаша ойлап, жақсы мен жаманды саралап, заман талабын жас ұрпаққа түсінікті жағдайда жеткізуде, жастарды рухани тәрбиелеуде табандылық танытуға шақырды.

Дөңгелек үстел барысында өзара өзекті ой бөліскен ұстаздар Елбасы тапсырмаларын тиянақты орындау, жаңа заманның тарихын қалыптастыратын қайсар да өр, білімді де білікті, жоғары мәдениетке ие, рухани дүниесі бай жастарды тәрбиелеу басты міндеттері, азаматтық парызы екендіктерін жеткізді.

Айта кетейік, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» атты мақаласында бірнеше бағдарламалар бойынша бағыт-бағдар берілген. Әсіресе, білім саласына кеңінен тоқталып, нақты тапсырмалар берілген. Содан бері «Рухани жаңыру» барлық білім беру мекемелерінде кеңінен насихатталып, түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. Балабақшалардан бастау алған шаралар, жалпы білім беретін мекемелер, колледждер мен кәсіптік мектептер және ЖОО-да кеңінен талқылануда. Білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздар қауымы да балаларды жарқын болашаққа бастаудан ерен еңбек етіп келеді.

Ақбота Мұсабекқызы

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар