Қоғам 17.11.2017 сағат 09:07  296

«Оpen Аlmaty» қоғамдық қабылдауына келетіндердің көбі кәсіпкерлік туралы сұрайды

Алматы қаласы әкімдігінің қоғамдық қабылдау орталығы «Оpen Аlmaty»-да «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» мамандары орналастырылмақ. Себебі мұнда келетін тұрғындар дәл осы сала бойынша сауал көп қояды екен. Бүгінде орталықтың ашылғанына екі айдан асты. Осы уақытқа дейін 2500-ден астам адамнан өтініш түскен.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Осыдан екі ай бұрын дәл осы жерден жүру көлік жүргізушілері үшін нағыз мұңға айналған. Бұл аумаққа жолдың екі шетіндегі арықты жалғайтын құбыр қойылыпты. Жұмысты аяқтаған мердігерлер бетін топырақпен ғана жауып кеткен көрінеді. Ал, жауын-шашын қайтадан шайып кеткен. Евгений Мұхамеджанов осы мәселеге Алматы қаласы әкімдігінің қоғамдық қабылдау орталығынан көмек сұраған.

«Оpen Аlmaty»-ға өтініш жазған соң, келесі күні жол жөндеушілер келді. Алғашында, тас төсеп, 1 аптадан кейін асфальт төседі. Орталық бірден мәселені шешуге кірісті. Мұндай орталықтың ашылғанына өте қуаныштымын», - дейді Евгений Мұхамеджанов.

Қалалық әкімдіктің қоғамдық қабылдау орталығына күніне орта есеппен 30 адам келеді. Жұрттың сауалы негізінен коммуналдық-шаруашылық және пәтер иелері кооперативтерінің шалағай ісіне қатысты. Сондай-ақ денсаулық, білім беру саласы мен балабақша мәселелері тағы бар. Қоғамдық қабылдауға келгендердің бірі Валентина Григорьева. Ол жүргінші жолына қойылған кедергінің алып тасталуын сұраған. Оның да өтініші аяқсыз қалмады. Мердігер компания жіберген олқылығын тез арада түзеген.

«Белгіленген орыннан жолдан өтпекші болғанмын. Жол бойына орнатылған бордюрге шалындым. Аяғым жарақаттанды. Оған қоса, қолымдағы бар затым бүлінді. Әлеуметтік желіде болған жайтты жазып едім, таныстарым «Оpen Аlmaty» орталығына баруыма кеңес берді. Орталыққа келіп жағдайды түсіндірдім. Барлығы тез арада шешілді», - деді Валентина ГРИГОРЬЕВА.

Орталықтың іске қосылғанына екі айдан асты. Содан бері мұнда екі жарым мың адамнан өтініш түсіпті. Атап өтерлігі, тұрғындар үшін «Open Almaty.kz» порталы мен 1308 арнайы желі де жұмыс істейді.

«Әр шағым түскен сайын оған 15 күн мерзім беріледі. Ол 15 күн ішінде шешілмейтін болса, ол заңды және жеке тұлғалардың арыздарын қабылдау бойынша ол 30 күнге дейін мерізімі созылады. Солар бойынша әр түрлі сұрақтар болады. Кейде ол бюджеттен қаржы бөліну мәселесі бойынша болса, онда түсіндірме жұмыстармен жауап қайтарылады», - деді «Open Almaty» орталығы операциялық залының жетекшісі Нұрлан ЖАЙЛАУБАЙ.

Қазіргі таңда орталықта қалалық 5 басқарма мамандары, прокуратура, Ішкі істер департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, Кәсіпкерлер палатасы мен 8 ауданның әкімдік өкілдері қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қоры, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» қызметкерлері де орналастырылмақ. Оған қоса, энергетика және коммуналдық шаруашылық, білім және денсаулық сақтау басқармасының мамандары қызмет көрсетеді деп күтілуде.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар