Қоғам 17.11.2017 сағат 05:17  293

«Алтын сапа» байқауына алматылық 22 кәсіпорын қатысуда

Еліміздегі үздік кәсіпорындарға сапа саласындағы жетістіктері үшін жыл сайын берілетін Қазақстан Рес­публикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына биыл Алматы қаласынан 22 кәсіпорын қатысуда. Бұл жалпы үміткер­лердің 20 пайызын құрайды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстан нарығын жоғары са­палы және бәсекеге қабілетті өнім­дермен қамтамасыз етуді әрі отандық тауарлардың сапасын арттыруды көздейтін «Алтын сапа» осымен он екінші жыл ұйымдас­тырылуда.

Кәсіпорындар арасындағы беделді байқауда биыл 113 кәсіпорын бақ сына­мақшы. Ұйымдастыру­шылар­дың айтуын­ша, осы жылдан бастап байқауға жеке кәсіпкерлер де қатыса алады.

Айта кетсек, «Алтын сапа» сый­лығы конкурстық негізде талапкер кәсіпорын­ның өнімі немесе қызмет көрсету сапасы мен олардың қауіп­сіздігін қамтамасыз  ету саласындағы жетістіктері, сонымен қатар, менед­жмент жүйелерін енгізгені үшін беріледі.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орта­лығының кеңесші-менеджері Динар Құсайынова бұл байқаудың талаптары халықаралық стандарт­тарға сай екендігін, яғни сапа бойынша еуропалық модельге үй­лестірілгендігін айтты. Сондай-ақ,  байқауға биыл тұңғыш рет ел нарығында туристік қызмет көр­сететін агенттік пен сақтандыру компаниялары қатысуда.

Айта кетейік, «Алтын сапа» байқауы сапалы өнім шығарумен айналысатын отандық кәсіпорындарға беріледі. Бұл бір жағынан қатысушы компанияларға үлкен жарнамалық  науқан болса, екінші жағынан кәсіпкерлерге көрсетілген қолдау.

Аталған байқауға жыл сайын Алматы қаласынан ондаған шағын және орта бизнес өкілдері, ірі кәіпорындар қатысады. Және жыл сайын осынау байқаудан алматылық кәсіпкерлер жүлдесіз қалған емес. Мәселен, 2015 жылы ең үздік шағын кәсіпорын номинациясында «Құбыр арматурасын шығаратын қазақстандық зауыт» ЖШС жеңімпаз атанған болатын. Сондай-ақ, ең үздік қызмет көрсетуші компаниялардың ішінде де алматылық «Исткомтранс» ЖШС бәсекелестерінен оқ бойы оза шапты. Ал, халықтың күнделікті тұтыну тауарларын шығарушы кәсіпорындар арасында да «Оңтүстік астананың» кәсіпкерлері үздік деп танылды. Атап айтқанда кондитерлік өнімдер шығаратын «Рахат» АҚ-ның өнімдері ең сапалы деген мәртебеге ие болды. Алматылық өзге компания «Элтекс Алатау» ЖШС болса ең үздік инновациялық жоба деген номинацияда үздік танылды.

Айта кетейік, биылғы «Алтын сапаның» иегерлері желтоқсан айының басында анықталады.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар