Қоғам 18.11.2017 сағат 03:47  235

МӘМС: Алматының Алмалы ауданында түсіндіру шаралары өтті

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу аясында Алмалы ауданы әкімінің аппараты Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен және Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығымен бірге бейресми жұмыспен қамтылған халықты анықтау бойынша оперативті-профилактикалық шаралар өткізілді. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Осы жұмыс барысында нақты табыстарды және декларациядағы қызметкерлердің санын көрсету мақсатында қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында нарықтарда және құрылыс ұйымдарының қызметкерлер арасында ауданның ірі кәсіпорындарының жұмыс берушілері мен қызметкерлеріне МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Алдын алу шараларының нәтижесінде ағымдағы жылдың 6 қарашасынан бастап қоғамдық тамақтандыру орындары: «Amure» рестораны, «Тарым», «Текемет», «Парадайс» асханалары және т.б.,       «Abylai Khan Plaza» құрылыс кешені және «Береке» сауда орталығында ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Кездесу барысында ауданның ірі кәсіпорындарының жұмыс берушілері мен қызметкерлері МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) бойынша ақпарат алды және қызығушылық танытқан барлық сұрақтарына жауап алды.

Алматы қаласы Алмалы ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінің жұмысының нәтижесінде жиырма екі қызметкер заңдастырылып, жалақы қорында 3,049 млн. теңге және кірістің ұлғаюы  3,196 млн. теңгені құрады.

 Аталған бағыттағы жұмыстар белсенді жалғасуда және алдағы уақытта ауданының ірі кәсіпорындарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу жоспарлануда.

Осы ретте айта кетейік, Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін құруды және айналымға енгізуді Елбасының өзі тапсырған болатын. Атап айтқанда, аталған құжаттың 80-қадамында: «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу. Мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) басымдықпен қаржыландыру. Бастапқы көмек аурудың алдын алу және ерте бастан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналады», - деп анық көрсетілген.

МӘМС Қазақстан аумағында биылдан бастап жүзеге бастады.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар