Қоғам 10.11.2017 сағат 06:19  451

Алматыда коммуналдық қызмет пен полиция автопарктері жаңа техникамен толықты

Бүгін жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала бюджетінің есебінен алынған коммуналдық қызмет пен Ішкі істер департаменті жаңа арнайы техникаларын қарап шықты. Бұл туралы қала әкімдігінің бапсасөз қызметі хабарлап отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мегаполис басшысына қыс кезінде қала көшелерін тазалайтын арнайы техника да көрсетілді.

Бұлар КАМАЗ шассиіндегі құрамалы 14 тазалағыш машиналар, өтімділігі жоғары Unimog үш көпфункционалды тазалағыш көлік, екі Snowbooster қар тазалайтын машиналар, конвейер-вакуумды Dulevо машинасы, қар тазалайтын 16 Pony машинасы, 20 мини тракторлар мен мини тиегіштер.

«Қалада жаяу жүргіншілер үшін жақсы жағдайлар жасалуда, демек, қыста тротуарларды тазалауға ерекше мән беріледі. Қаланың тарихи орталығының үштен бірінің жаңаруына орай арнайы техникалар – көпфункционалды Pony машинасы, минитиегіштер, жеңіл тракторлар алынды. Жұмысшылар ақау келтірмейтін құралдарды пайдаланатын болады», - деді Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсет Масабаев.

Қалада тазаланатын жолдың жалпы көлемі 20 млн. м². Қыста көше тазалаумен 15 мердігер ұйым, 1116 арнайы техника бірлігі айналысады. Жол тазалаумен айналысатын жұмысшылар қатарын 1,2 ден 2,7 мың адамға көбейту қарастырылған.

Бұлардан өзге қала аудандарында өндірістік базалар құрылған, соның арқасында көше тазалау жылдамдығы 1,5 есеге артады. Жұмысшылар дислокациясы жанына олардың киімдерін ауыстыруға, ыстық сусындар ішіп, жылынуына мүмкіндік беретін модульді контейнерлер қойылады.

Жұмыс сапары барысында мегаполис әкімі полицияның жаңа автокөліктерін қарап шығып, ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту қылмыспен күреске және құқықтық тәртіпті күшейтуге оң ықпал ететінін атап өтті.

ІІД-нің бастығы Серік Күдебаев көшелерге патруль жасау үшін отандық әрі газбен жүретін 200-ден астам жеңіл автокөлік бірлігі алынғандығын жеткізді. Бұлардан өзге жеке құрамды тасымалдайтын екі автобус пен бірнеше микроавтобустар, екі өрт автоцистернасы және 34 эвакуатор алынған. Оның үстіне, 147 автомашина видеорегистраторлармен жабдықталған.

Айта кетерлігі, Алматыда өткен жылмен салыстырғанда биыл құқық қорғау органдарын материалдық –техникалық жабдықтауға қаржы 2 есе көп жұмсалған. Егер 2016 жылы 706 миллион теңгеге 118 жаңа қызметтік көлік алынса, биыл қала бюджеті есебінен 3,5 млрд. теңгеге түрлі модельдегі 280 көлік алынған.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар