Қоғам 15.11.2017 сағат 16:49  358

Алматылық жастарды баспанамен қамту бағдарламасы келер жылы да жалғасуы мүмкін

Алматыда пәтер жалдап тұратын жастардың саны биыл тағы да азаймақ. Қалада 35 жасқа дейінгі азаматтардың саны  800 мың екенін ескерген шаһар басшысы "Алматы жастары" бағдарламасын енгізді. Қазынадан қаржы бөлді. Жоба жемісті болса келер жылы да жалғасын табуы әбден мүмкін.

28 жасар Құралай жыл біткенше қоныс тойын тойлауға үмітті. Себебі, өткен айда ғана басталған «Алматы жастары» бағдарламасына құжаттары түгел өткен. 108 бал жинаған қыз енді төлем қабілетін растау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне бас сұқты. Менеджермен тілдесті. Қысқасы іс бітті. Пәтер ақысын төлеуге қауқарлысың деген көрінеді. Жүзі жадырап қалды.

«Бағдарламаға деген сенімім үлкен. Әрине, өтемін деп еш ойлаған емеспін. Әрине, өткеніме өте қуаныштымын,. Бүгіннен бастап пәтер қараймын. 1-2 бөлемелі қалай боларын көрерміз», - деді Құралай АБАШЕВА.

Құралай секілді 5 мыңнан астам азамат баспана алуға өтініш білдірген. Бірақ, оның ішінен 100-і ғана іріктеліп алынды. Егер оның арасынан төлем қабілетін растай алмайтындықтар анықталса, 100-дікке ілінбегендер алға жылжиды. Яғни, резеврте тұрған 50 адаманың тізімі жасалған.

«Бағдарлама шеңберінде өтініштерді саралап, алғашқы балдары жоғары 100 адамды іріктеп алдық. Олардың ішінде ең жоғарғы болып 166 балл болып есептелінеді. 100-ші өтініш 79 балмен аяқталынады. Енді осы азаматтардың төлем қабілеттілігін күтеміз», - деді Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бас маманы Алтынай ӘЛІМХАНОВА.

Төлем қабілеттілігін растау үшін бірінші кезеңнен өткен азаматтар 5 жұмыс күн ішінде тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне келіп құжаттарын тапсырып үлгеруде. 10 миллион теңгеге дейін тұрғын үй қарызы 5 пайыз жылдық үстемақымен 3 жылдан 23 жылға дейін беріледі. Жастардың  жеңілдетілген пайызбен несиеге баспана алуы үшін Алматы қаласының әкімідігі қазынадан 1 миллиард теңге қарастырған болатын.

«Ең басты төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар соңғы 6 айдың жалақысы туралы анықтама, үйдегі тұратын адамдардың құжаттары, жеке куәліктерін, туу куәліктерін, егер салымшының жалақысы жетпей жатса, оның қасына тағы да екі адам келіп құжаттарын тапсырса болады», - деді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Алматы филиалы директорының орынбасары Диас РАХЫМХАН.

Осылайша бұл бағдарламаның шарапаты биылдыққа 100 отбасына тимек. Айта кетейік, бұл тек плиоттық жоба. Егер сұраныс артып жатса, келесі жылы да қала бюджетінен қолдау көрсетіліп, бұдан да көп жастың үйлі болуы бек мүмкін. Бұдан бөлек, 2020 жылға дейін жастарды қолдау мақсатында 12 жатақхана салу жоспарланған. Осы жылы  оның төртеуі аяқталады деп күтілуде. 

Соңғы жаңалықтар