Қоғам 16.11.2017 сағат 10:21  349

Алматыдағы қан орталығының қызметкерлері латынға көшуді қолдады

Алматыда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы талқылау мақсатында Республикалық қан орталығының қызметкерлері ақпараттық-насихаттық топ мүшелерімен кездесті

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Іс-шараға партия өкілдері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, «Бірлік» бастауыш партия ұйымының мүшелері, Саяси кеңес және Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңес өкілдері қатысты.

Жиынды Республикалық қан орталығының директоры Дилябер Бекиров ашып, сөз сөйледі.

- Мемлекет басшысының Жолдауы қоғамдағы барлық салаларды қамтиды, әсіресе экономика және әлеуметтік саланы дамытудағы стратегиялық бағыттарды әзірлеудің маңызды механизмдерінің бірі болып табылады. Бізді, денсаулық сақтау қызметкерлерін, мемлекеттің әлеуметтік саясатының даму қағидалары аса қызықтырады. Елбасымыздың жыл сайынғы Жолдауын және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың арқасында біз азаматтарымыздың денсаулығын жақсарту бойынша елеулі өзгерістерге қол жеткіздік, - деді өз сөзінде Дилябер Бекиров.

- Ең басты Бағдарламалық құжатта еліміздің дамуы бойынша басты бағыттар белгіленген. Әрине алдағы уақытта үлкен іс атқарылатын болады. Елбасының алға қойған мақсаттары сапалы және нәтижелі орындалатындығына сенімдімін, - деді «Нұр Отан» партиясы Бостандық ауданық филиалы бойынша Саяси кеңес мүшесі Камал Жаманкөзов.

Сондай-ақ, ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері қатысушыларға қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі туралы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясындағы жоспарлар туралы айтып берді. Сонымен қатар, кездесу барысында мемлекеттік тілдің латын графикасына көшуіндегі бірыңғай стандарт енгізудің маңыздылығы аталып өтілді.

Республикалық қан орталығы қызметкерлері үшін Елбасы Жолдауының басты бағыттарын талқылау – маңызды болып табылады және мекемеде осындай іс-шаралар үнемі өткізіліп отыратындығын ерекше айта кеткен жөн. Еліміздің саясатының арқасында медициналық қызметкерлердің мәртебесі жоғары деңгейге жетіп отыр, ал медициналық қызмет көрсету сапасы жыл сайын артып келеді.

Кездесу соңында мекеме қызметкерлері тарапынан сұрақтар қойылып, оған ақпараттық топ мүшелері жан-жақты жауаптар қайтарды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар