Қоғам 01.11.2017 сағат 04:24  470

Алматылық ардагерлер арасында «Көркемөнерпаздар» байқауы өтті

Дүниежүзілік қарттар күнін атап өту елімізде әлі жалғасып жатыр. Қарияларға құрмет ретінде Алматының әр ауданында түрлі қайырымдылық шаралары өткізілді. Сондай-ақ, мәдени-рухани кештер мен концерттер, көрмелер, түрлі байқаулар да аталарымыз бен әжелеріміздің көңілдерін көтеру мақсатында ұйымдастырылды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сондай шаралардың бірі Алатау ауданында өтті. Айгерім шағынауданындағы №149 мектеп ғимаратында әкімдік мамандарының ұйымдастыруымен қариялар арасында «Көркемөнерпаз» атты байқау мәресіне жетіп отыр.

Байқаудың мақсаты – өнерді құрал етіп тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстандықтардың қарқынды еңбектерін насихаттау, «Қазақстан – біздің ортақ үй» атты ұранмен халықтар достығын насихаттау.

Жарысқа 16 ықшамауданнан 16 команда қатысып, сахнада барлығы 217 қарт өнер көрсетті. Мерекелік іс-шарада қазыналы қарттарымыз көркем сөз оқып, би билеп, ән шырқап, күй тартып өнерлерімен көрермендерді тамсандырды. Сонымен қатар сахналық қойылымдар қойып актерлік шеберліктерімен бөлісті. Қарттарымыз жанды дауыста ән шырқап, залды әдемі әуенмен әуелете түсті. Қартарымызды жас ұрпаққа жол көрсетер тұлға ретінде танысақ, кешегі байқау нағыз тәрбиеге толы естелік болды. Аудандық ақсақалдар кеңесі, Жергілікті өзін-өзі басқару комитеті және Алатау ауданы әкімі аппараты Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мамандарының жетекшілігімен атқарылған бұл байқауға жанкүйер ретінде ата-әжелерін қолдап немелерінің келуі қуантарлық жағдай. Тағы қуантарлық жағдай бұл байқауда өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанға деген сүйіспеншіліктерін таныдық.

Байқау қортындысы бойынша 3 орынды «Парасат бастауыш ардагерлер» ұйымы, 2 орынды Құрылысшы ықшамауданы, 1 орынды Айгерім ықшамауданы қанжығаларына байлап сыйақылармен марапатталды. 8 номинация бойынша үздік өнер иелері аудан әкімі атынан алғыс хаттармен марапатталды. Байқау соңы қарттар күніне арналып жасалған арнайы мерелік дастарханмен жалғасты.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар