Қоғам 14.11.2017 сағат 08:04  363

Алматыда «Елбасы кітапханасы» орталығы ашылды

Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Елбасы кітапханасы» орталығы ашылды. Бұл туралы аталған оқу орнынын баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жиынның ашылуында сөз алған ҚазҰАУ ректоры, академик Тілектес Есполов университет базасында ашылған кітапхананың маңыздылығына тоқталды.

«Жоба аясында біз университет базасында Елбасы кітапханасын ашып отырмыз. Басты мақсатымыз - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметін үлгі тұтып, жастарды лидерлік қасиетке тәрбиелеп, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыру. Жақында ғана біз Астанадағы Елбасы кітапханасынан Президентіміздің 500 кітабын алдық. Бұл - біз үшін, біздің белсенді жастарымыз үшін үлкен олжа. Бұл кітаптар, біздің жастарымыздың рухани дүниетанамын кеңейтіп, білімдерін толықтыра түседі», - деді ЖОО ректоры.

Сондай-ақ, аталған ЖОО-да «Рухани жаңғыру: жастар көзқарасы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияда Алматы қаласының және шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдары, магистранттары, студенттері баяндамалар жасады.

Жиында «Тарихи тұрғыдағы Қазақстанның жаңғыру әлеуеті», «Ұлттық код рухани сананы жаңғыртудың негізі ретінде», «Қазақстан жастарының рухани санасын жаңғырту шарттарындағы тарихи сана» тақырыптарында баяндамалар жасалды.

Айта кетейік, Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрме жобасын 10 қарашадан бері өткізіп келеді. 11 қараша күні ҚазҰАУ-да «Ғылыми-білім беру қызметіндегі инновациялық жұмыс түрлері» семинары, 13 қарашада «Қазақстан жолы: «Мәңгілік Ел» семинар-тренингі өтті. 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар